Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Су тасқынына дайындықты пысықтады

825 реткөрсетілді

Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек орталық және жергілікті атқарушы органдардың 2019 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Кеңес жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

 

Қазгидрометтің көктемгі су тасқыны бол­жамына сәйкес, елі­міздің кейбір өңір­лерінде су дең­гейінің көтерілу қауіптері бай­қалады.

Ішкі істер министрлігінің дерек­теріне сәйкес, су тасқыны қауіп­тері Қарағанды, Ақмола, Сол­түстік Қазақстан, Батыс Қазақ­стан, Қостанай облыстарында сақталған. 

«Соңғы 2 аптада 675 шақы­рым арық пен арнаны тазалау жұ­мыстары жүргізілді. Ел­ді ме­кен­дерден 2 млн 160 мыңнан ас­там текше метр қар шығарылды. Ал­маты, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жам­был, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Сол­түстік Қазақстан және Түркістан облыс­тары­ның автокөлік жолдарында 16 874 су өткізгіш нысандар тазар­тылды», деді ІІМ Төтенше жағ­дайлар комитетінің төрағасы В.Беккер.

Оның айтуынша, Түркістан, Жам­был, Қызылорда, Алматы (жа­­зық бөлігі), Маң­ғыстау, Аты­рау облыстарында су тасқыны қау­­пі­нің жоғары деңгейі белгі­лен­ген.

Өрттен құтқару бөлімшелері жоғары дайындық үстінде, оңтүс­тік өңірлерден Ақмола, Сол­т­үс­тік Қазақстан және Ба­тыс Қа­зақ­стан облыстарына жөнел­туге жоспарланған құтқару отряд­та­рының күш­тері мен құралдары есептелді.

Жалпы, азаматтық қорғау орган­дарының барлық бөлім­шелері толық әзір.

Индустрия және инфра­құ­рылымдық даму вице-министрі Қ.Өскенбаев елімізде күн сайын пат­рульдеу жұмыстары жүр­гізі­ліп жатқанын, 400-ден астам қа­­уіпті учаскелер бақылауға алын­­ғанын хабарлады. 689 бір­лік қажетті техника бекітілген.

Өз кезегінде Ауыл шаруа­шы­лығы вице-министрі Е.Ны­сан­баев барлық су қой­маларының жағдайы күнделікті тексеріліп тұратынын айтты. Бүгінде су қой­малары тасқын суларды қа­был­дауға дайын. Жалпы алған­да, жағдай тұрақты. 

Энергетика министрлігінің мәлі­мет­інше, Қазақстан аума­ғын қар басу көлемі 7 нау­рыздан 15 наурыз аралығында 11% (66%-дан 55 %-ға дейін) төмендеген. 7 наурыздан 14 наурызға дейінгі аралықта Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарында қар еріп кетті. Қалған аумақтарда қар жабынындағы ылғал қорының көлемі орта есеппен 20-30%-ға, кей жерлерде 70%-ға дейін азайған (Ақтөбе облысы), Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыс­­тарында топырақтың қату тереңдігі орта есеппен 15 см-ге кеміді. 

Өңірлердегі жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы онлайн режімінде Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарлары баяндады.

Кеңес қорытындысы бойынша, Ж.Қа­сымбек салалық мемлекеттік органдарға және жергілікті атқарушы органдарға тұ­рақ­ты мониторинг жүргізіп, жағдайды үне­мі бақылауда ұстап, сонымен қатар тұр­ғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұ­мыстарын белсенді жүргізуді тапсырды.

«Біз қар ең қатты еритін кезеңге келдік, бұл су тасқынының нағыз қиын кезеңі. Өңірлерде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр, тұрғындарды хабардар ету керек, адамдар өздерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай шаралар қабылдау керектігін білуі тиіс», деді Ж. Қасымбек.

Премьер-Министрдің орынбасары сонымен қатар үкіметтік топтың су тасқыны кезеңіне әзірлігін бақылау үшін өңірлерге жұмыс сапарларын бастайтынын хабарлады. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Норвегия турында топ жарды

Спорт • Бүгін, 09:02

Кеуректің ащы дәмі

Қазақстан • Бүгін, 08:57

Ұлы дала өрнектері

Аймақтар • Бүгін, 08:38

Өгіз аяң өндімейді

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Ғарыш пен жарыс

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұқсас жаңалықтар