Аймақтар • 20 Наурыз, 2019

Ақмола облысының активіне таныстырды

968 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Премьер-Министр Асқар Мамин Ақмола облысына барды. Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында А.Мамин Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ақмола облысының әкімі қызметіне Ермек Маржықпаевты тағайындау туралы ұсынысын оқып берді. Мәслихат депутаттары кандидатураны бірауыздан қолдады. 

 

Ақмола облысының активіне таныстырды

Өңір активімен кездесуде Премьер-Министр М.Мыр­залинге облыс әкімі қызметіндегі жұмысы және өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін алғыс біл­дірді. М.Мырзалиннің басшы­лығымен облыста жаңа әлеу­меттік нысандар салынып, оның ішінде туризм саласында ірі ин­фрақұрылымдық жобалар іске асырылды.

«Мемлекет басшысы та­ғайын­даған барлық қызметтерде Мәлік Кеңес­байұлы жоғары се­німді ақтай білді», деді А.Мамин және оған жаңа қызметінде табыс тіледі.

Өңірдің жаңа басшысын та­ныс­тырған А.Мамин осы күнге дейін Е.Маржықпаев Көкшетау қаласының әкімі болып жұмыс істеп келгенін айтты. Аршалы, Зе­рен­ді аудандарының әкімі, Ақ­­мола облысы әкімінің орын­ба­сары ретінде қызмет етіп, өңір­дің дамуына зор үлесін қос­қанын жеткізді.

«Қазір облыстың алдында Ел­ба­сының «Әлеуметтік қам­қорлық» жаңа әлеуметтік ша­ралары аясында ауқымды міндеттер тұр. Азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағ­дайы мен тұрмыс сапасын жақ­сартуға ба­ғытталған нақ­ты шараларды жүзеге асыру қажет», деді А.Мамин.

Сонымен қатар агро­өнер­кәсіптік кешеннің одан әрі қар­қынды дамуын жеделдетіп, ту­ристік әлеуетін да­мы­ту бойынша нақты жұмысты ұйым­дастыру қажет.

«2020 жылы Көкшетау қа­ла­сында Қазақстан мен Ресей Өңір­аралық ынтымақтастығы фору­мы өтеді. Об­лыс осы ма­ңыз­ды іс-шараның жоғары дең­гей­де өтуін қамтамасыз етуі керек», деп тапсырды Премьер-Ми­нистр.

Соңында А.Мамин облыс акти­вімен бірлесіп әкім ретінде Е.Мар­жықпаевтың өңір алдына қойылып отырған барлық тапсырмалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ете­тініне сенім білдірді.