Медицина • 20 Наурыз, 2019

Біз Президентпен біргеміз

1052 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының тумасы, «Отан» орденінің иегері Арыстан Жұнысов Елбасының атқарған істерін айтып, қабылдаған шешіміне қатысты пікір білдірді.

Біз Президентпен біргеміз

Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың мемлекетіміздің аса маңызды тарихи сәтінде халық­қа қайрылып, үндеу жария­лауы отбасымыз үшін күтпеген шешім болғанын жасырмаймын. Шыны керек, бастапқыда сенер-сенбесімізді білмей бір-біріміз­ге қараған күйі дағдарып қалғаны­мыз рас. Көңілімізде қимастық сезім пайда болып, тіпті келіншегім көзінің жасына ерік берді. Мен болсам Нұрсұлтан Әбішұлы­мен танап басында алғаш кез­дескен кезімді, саяси ерік-жігер­ге толы сұңғыла саясаткер­лігі­мен, іске мығымдылығымен, уәдеге беріктігімен, қалың бұқа­раны соңына ілестіре білетін көшбасшылық болмысымен тәнті еткен қасиеттерін еске алдым. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мынандай жолдар бар: «Біз ауылдық жерлердің әлеуметтік ортасын жаңғыртуға кірісуіміз қажет. Бұған арнайы «Ауыл – ел бесігі» жобасының іске қосылуы септігін тигізеді. Бұл жоба арқы­лы өңірлердегі еңбекке қатысты идеологияны ілгерілетуді қолға алу керек». Кез келген істің баға­сы салыстыру арқылы біліне­ді. Үндеуде айтылғандай Кеңес Одағы құлап, саясатымыз бен экономикамыз шатқаяқтап қалғанда ел тізгінін Нұрсұлтан Әбішұлы­на сеніп тапсырдық. Таңдау­дан қателеспегеніміз құдіретті уақыттың еншісінде. Мысалды алыстан іздемейік, бір кездері тараудың аз-ақ алдында тұрған Бексейіт, Міңгесер ауылдарының бет-бейнесі бүгінде адам танымастай өзгерген. Ырысымыз­дың молайып, табысымыздың еселене түсуіне Елбасымыздың көрегенді ауылшаруашылық сая­саты арқылы жеткеніміз айдай шындық. Егіншілікпен бірге мал шаруашылығымен де айналысамыз. Жұмыссыз жүрген жас­тар жоқтың қасы. Жыл өткен са­йын елді мекендердің іргесі қалың­дап, тұрмысының сапасы ар­тып келеді. Бүгінгі таңда серік­тес­тікте 235 адам жұмыс істей­ді. Бексейіт ауылындағы орта мек­тепке спорт залы салы­нып, білім беру мекемесінің екі­қа­бат­ты ғимаратына жаңа плас­тика­лық терезелер орнатылды. Заманауи шағын орталық, бала­ларға арналған жазғы ойын-сауық алаңы, жастар үйі бой көте­рді. Елді мекеннің көшелері жарық­тан­дырылған. Енді су тарату желі­лерін салу жоспарланған. Қазақы­лық­тың қайнар бұлағы – қасиетті орта­ның қаймағы бұзылмай сақ­талып қалуына қол ұшын бе­ріп, ауылдықтардың тұрмыс-тір­ші­лігін үнемі назарда ұстаған Прези­дентімізге біз шынайы ризамыз! 

Елімізді отыз жыл бойы үз­діксіз басқарып, Қазақстанды бүкіл әлемге танытып, мойындата білу кез келген лидердің қолынан кел­месі анық. Президент ретіндегі өкі­лет­ті­гін тоқтату туралы шешімі төбе­­міз­ден жай түскендей болса да, ертеңге, халыққа, жастар­ға де­­ген сенімі дұрыс жолмен келе жат­­қа­­ны­­­мызды айғақтайды. Мық­­­ты ұлт­­тық мемлекет құрып, қазақ­­­стан­­­дық­тардың бір-біріне деген қы­­лау­сыз достығын сүттей ұйыта біл­ген Ел­ба­сы­мыз қашан­да бізбен бірге!