Қақтығыста 30 адам құрбан болды
Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:32
Түркияның оңтүстік-батысындағы Ширнак провинциясында әскерилермен күрд содырларының қақтығысынан 30 адам құрбан болды. «Рейтер»агенттігінің хабарлауынша, олардың 21-і көтерілісшілер көрінеді.
Сейсенбі, 4 қыркүйек 2012 7:32
Түркияның оңтүстік-батысындағы Ширнак провинциясында әскерилермен күрд содырларының қақтығысынан 30 адам құрбан болды. «Рейтер»агенттігінің хабарлауынша, олардың 21-і көтерілісшілер көрінеді.
Содырлардың шабуылына қарсы соққы берген кезде құқық қорғау күштерінің тоғыз қызметкері мерт болып, сегізі жараланған. Күрд жұмысшы партиясының көтерілісшілері 2 қыркүйек күні кешкісін құқық қорғау қызметкерлеріне әртүрлі жерден төрт мәрте шабуыл жасаған. Қақтығыс болған ауданда үш сағат бойы электр жарығы болмаған. Ал тараптар арасындағы ұрыс Түркияның Сирия және Иракпен шектесетін шекара маңында өткен. Аталған агенттіктің ақпараттары бойынша, Түркия аумағында тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы мен Түркия билігі арасындағы қарсы тұрушылық 30 жылдан бері тоқтамай келеді.
Рақымшылыққа қарсылық білдірді
Венгрия сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Жолт НеметӘзербайжанның Будапешттегі елшісіне армян офицерін өлтірген РамильСафаровқа Бакудің рақымшылық жасау туралы шешіміне байланыстыресми қарсылық білдірді.
«Новости» ақпарат агенттігі сайтының жазуынша, Венгрия билігі Сафаровқа рақымшылық жасау жөніндегі шешімді негізсіз деп есептейді. Венгрия сондай-ақ Әзербайжанды өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесілген Сафаровтың мерзімін Әзербайжанда өтеу туралы екіжақты келісімді бұзды деп айыптайды. Айта кетейік, әзербайжандық офицер Рамиль Сафаров 2004 жылы Венгрияда ағылшын тілін үйрену курсынан өтіп жатқан кезде Армения қарулы күштерінің аға лейтенанты Гурген Маргарянды балтамен шауып өлтірген еді.
Нестеровті қызметінен босатты
Ресей президенті Владимир Путин Хруничев атындағы ғарыш орталығының бас директоры Владимир Нестеровті қызметінен босатты. Жарлыққа 31 тамызда қол қойылған екен. Бірақ құжат кеше ғана жария етілді.
«Интерфакс» агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, В.Нестеров өзін қызметтен босату жөнінде 7 тамыз күні өтініш берген сияқты. Өйткені, тамыз айының басында Хруничев атындағы ғарыш орталығы «Экспресс-МД2» және «Телком-3» спутниктерін әуе кеңістігіне шығара алмаған еді. Комиссия оларды жасау кезінде өндірістік қателіктер жіберілген деп тапты. Осыдан кейін-ақ бас директордың қызметінен кететіндігі жиі айтыла бастаған. Оған енді қандай қызмет ұсынылатыны белгісіз.
Обалына ұлы қалды
Қытай коммунистік партиясы орталық комитеті бас басқармасының жетекшісі Лин Цзихуа ұлының жол-көлік оқиғасын жасауына байланысты қызметінен кетуге мәжбүр болды. Бұл жөнінде «Рейтер» агенттігі хабарлады.
Аталған агенттіктің хабарлауынша, Лин Цзихуа ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның жақын серіктерінің бірі болып табылады. Сондай-ақ, оны жақын күндері ҚКП саяси бюросы ұйымдастыру бөлімінің басшысы етіп тағайындауы тиіс болған. Бұл бөлім елдің жоғары лауазымына қызметкерлерді тағайындау және қызметтерінен босату істерін жүргізеді екен. Енді оның обалына ұлы қалып отыр. Кіші Лин осы жылдың наурызында «Феррари» автокөлігін жүргізіп келе жатқанда апатқа ұшырап, көліктегі үш адамның біреуі қайтыс болған. Бұл Қытай қоғамында ашу-ыза туғызған. Агенттіктің жазуынша, өзінің серіктесін ел басшысы да қорғап қала алмаған.
Кандидаттардың рейтингі теңесті
«Рейтер» агенттігінің таратқан ақпараттарына қарағанда, АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обама мен оның президенттік сайлаудағы бәсекелесі Митт Ромнидің рейтингі теңескен. Сұрау салу нәтижесі осыны көрсеткен.
Қазіргі кезде кандидаттардың екеуіне де сайлаушылардың 45 пайызы дауыс беруге дайын екенін білдірген. Онлайн жүйесі бойынша дауыс беруге 1,4 мың америкалық қатысыпты. Сарапшылардың пікірінше, Ромнидің рейтингі 31 тамызда Флорида штатында өткен республикашылар партиясының съезінен кейін біршама өсе түскен. Бұған дейін Барак Обаманың сайлаушылар арасындағы рейтингі жоғары тұрған еді. Сұрау салынған сайлаушылардың 46 пайызы Барак Обамаға, 42 пайызы Митт Ромниге дауыс беретіндерін айтқан-ды. АҚШ-та президенттік сайлау 2012 жылғы қарашада өтеді.
Қысқа қайырып айтқанда:
*Ауғанстан президенті Хамид Карзай елдің барлау қызметінің басшылығына шекаралас аумақтар мәселесі жөніндегі министр Асадулла Халидтің кандидатурасын ұсынды. Құқық қорғаушылар оның кандидатурасына қарсылық білдіруде.
*Британия билігі Египеттің бұрынғы президенті Хосни Мүбарактың отбасы мүшелері мен серіктері активтерінің барлығын тоқтатпаған. Бұл жөнінде соңғы алты айдағы тергеу амалдары көрсетті, деп хабарлады ВВС телерадиокомпаниясы.
*Польша еуроаймаққа өздерінің қарыздарына байланысты проблема шешілгеннен кейін ғана қосылады. Елдің сыртқы істер министрі Радослав Сикорски осылай деп мәлімдеді.
* Сирия үкіметінің авиациясы кеше ертеңгісін әуеден Аль-Баб қаласына бірнеше рет соққы берді. Оның салдарынан бір тұрғын үй толық қирап, 18 бейбіт тұрғын құрбан болды. Арасында әйелдер мен балалар да бар.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.