19 наурызда қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 16 716 текше метрді құрайды. «Астана Тазалық» ЖШС қардың 5 200, өзге де мердігерлік ұйымдар 11 436, «Астана Көгалдандыру» АҚ 80 текше метрін шығарды.
16 қазан мен 19 наурыз аралығында қала сыртына шығарылған қардың жалпы көлемі 2 906 760 текше метрді құрайды. Астана әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты барлық сұрақтарды, соның ішінде қар тазалау жұмыстары бойынша өтінімдерді 109 нөмірі арқылы қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына тәулік бойы жолдауға болатындығын еске салады.