Жасыл экономика басқармасы мамандарының мәліметінше, саябақ аумағына егілген бөртегүл көшеттері танымал жерлестеріміз, селекционер-ғалымдар, Дзевицкийлердің коллекциясынан алынған. Олар өмірлерінің ширек ғасырын бөртегүлдерді зерттеуге арнаған болатын. 70-80 жылдары ағайынды ғалымдар Алматыны көгалдандыруға өз селекцияларынан 6 мыңнан астам бөртегүл көшеті мен 2 жарым мың бұтағын берген. «Сол жылдары бөртегүлдер бүкіл қала аумағына сән берген» дейді мамандар.
Келер жылы көктем айларында бөртегүл көшеттері гүлдер болса, саябаққа хош иіс сыйламақ.
Биыл шаһарға 12 мыңнан астам ағаш отырғызу жоспарланған.
Арман ОКТЯБРЬ,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ