Аймақтар • 20 Наурыз, 2019

Қостанайдың су айдындарында мұз жару жұмыстары басталды

977 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жыл сайын қайталанып отыратын жұмыс. Өйткені мұзға кептеліп қалған судың өзен-көлдер жағасындағы елді мекендерді шайып кету қаупі туады. Сондықтан «NIKSIT» компаниясының арнайы бригадасы Таран ауданындағы Май және Әйет ауылдарының қауіпсіздігі үшін Әйет өзенінде 8064 текше метр мұзды жарды.

Қостанайдың су айдындарында мұз жару жұмыстары басталды

Сонымен қатар осы мекеменің мамандары Арқалық қаласы маңайындағы Қайыңды ауылын су баспауы үшін Қайыңды көліндегі мұзды жарып, судың жүруіне жағдай жасады.

Су айдындарындағы мұндай жұмыстар судың еруін жылдамдатады және оның текке ағып кетпей, жиналуына да ықпал етеді.

Нәзира Жәрімбет,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай