Елбасы өзінің елді басқару кезінде елімізді дамыған елдердің қатарына қосты. Бәсекеге қабілетті, әлемдік аренада өзіңдік орнын қалыптастырып, дамыған елдермен терезесі тең деңгейге дейін жеткізген көреген Президент.
Сонымен бірге Президент ендігі еліміздің болашағы жастардың қолында деп жастарға сенім артып отыр. Елбасы мен үшін мықты саясаткер, сарабдал саясат жүргізген Тұңғыш Елбасы ретінде қала бермек.
Енді ел тізгіні көрнекті мемлекет қайраткері Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсырылды. Теледидардан оның ант берген мерейлі сәтін көріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледік. Біздің Отанымыздың тіккен туы тұғырлы болсын.
Тәуелсіздіктің төл құрдасы ретінде ендігі кезде елімізге амандық, татулық, бірлік тілеймін. Тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!
Бақтияр ТАЙЖАН,
«Egemen Qazaqstan»
Қызылорда облысы