«Елбасының қажырлы еңбегінің арқасында халқымыз төл тарихында тұңғыш рет өзін туған жердің заңды иесі сезінді, баршамыздың жүрегімізді Отан үшін мақтаныш сезімі кернеді. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, «Нұрлы жол» Жаңа экономикалық саясаты, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары елімізді жаңғыртуға, Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға бағытталған» деді Қазақстан Президенті.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай қадамның халықаралық аренадағы тұрақсыздық пен дағдарыстар жағдайында аса маңызды екенін атап өтті.
«Қазіргі Қазақстан – нарықтық экономикасы қалыптасқан, демократиялық әрі зайырлы мемлекет. Елімізде жекеменшік институты орнығып, орта таптың жағдайы жақсарды және кәсіпкерлік қарқынды дами түсті. Барлық өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер уақытылы шешімін тауып келеді» деді Қ.Тоқаев.