Қазақстан • 20 Наурыз, 2019

Дариға Назарбаева Cенат спикері болып сайланды

2602 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дариға Назарбаева жасырын дауыс берудің нәтижесінде ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Дариға Назарбаева Cенат спикері болып сайланды

Ол осыған дейін Парламент Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

Дариға Назарбаева 1963 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Қоғам және мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің тарих факультетінде және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқыған.