20 Наурыз, 2019

Футбол: Ертең Қазақстан құрамасы Шотландияға қарсы ойнайды

1123 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең 2020 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы ертең сағат 21:00-де «Астана Аренада» Шотландия  футболшыларын қабылдайды.

Футбол: Ертең Қазақстан құрамасы Шотландияға қарсы ойнайды

Айтулы бәсекеде Шотландия құрамасының бас бапкері Алекс Маклиш төменде есімдері аталған ойыншыларға үміт артып отыр:

Қақпашылар – Скотт Бэйн («Селтик»), Лиам Келли («Ливингстон») және Джон Маклафлин («Сандерленд»).

Қорғаушылар – Дэвид Бейтс («Гамбург»), Стюарт Финдли («Килмарнок»), Скотт МакКенна («Абердин»), Стивен О'Доннелл («Килмарнок»), Лиам Палмер («Шеффилд Уэнсдей»), Джон Сауттар («Хартс») және Киран Тирни («Селтик»).

Жартылай қорғаушылар – Стюарт Армстронг («Саутгемптон»), Джон Флек («Шеффилд Юнайтед»), Джон Макгинн («Астон Вилла»), Каллум МакГрегор («Селтик»), Кенни Маклин («Норвич Сити»), Скотт МакТоминей («Манчестер Юнайтед») және Грэм Шинни («Абердин»).

Шабуылшылар – Оливер Берк («Селтик»), Оли МакБерни («Суонси»), Джеймс Форрест («Селтик»), Марк МакНалти («Хиберниан»), Льюис Морган («Сандерленд») және Джонни Рассел («Канзас Сити»).

Бүгінгі таңда Англия Премьер-лигасында өнер көрсетіп жүрген Шотландия құрамасы сапындағы белді ойыншылары – Эндрю Робертсон («Ливерпуль»), Каллум Патерсон из («Кардифф Сити») және Райан Фрейзер («Борнмута») бұл кездесуге қатыспайды. Алғашқысының денсаулығы сыр берсе, қалған екеуіне жасанды төсеніште ойнағуа болмайды.   

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Egemen Qazaqstan»