«Рейтер» агенттігінің хабары
Бейсенбі, 13 қыркүйек 2012 7:40
Иемен президенті Абд Раббо Мансур Хади кеше өз әкімшілігі мен жетекшіминистрліктердің басшыларын ауыстырды. «Рейтер» агенттігініңхабарлауынша, мұнай және білім министрлері, сондай-ақ сыртқы барлаужәне ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшылары қызметтеріненбосатылған.
Бейсенбі, 13 қыркүйек 2012 7:40
Иемен президенті Абд Раббо Мансур Хади кеше өз әкімшілігі мен жетекшіминистрліктердің басшыларын ауыстырды. «Рейтер» агенттігініңхабарлауынша, мұнай және білім министрлері, сондай-ақ сыртқы барлаужәне ұлттық қауіпсіздік қызметінің басшылары қызметтеріненбосатылған.
Нақты деректерге қарағанда, қызметтерінен босатылған бұл лауазымды тұлғалар елдің бұрынғы президенті Али Абдулла Салехтың серіктері болған көрінеді. Али Салех елдегі төңкеріс салдарынан президенттіктен кетуге мәжбүр болған еді. Президент сондай-ақ бірқатар күш ведомстволарының басшыларын да қызметтерінен босатып отыр. Кейбір сарапшылар лауазымды тұлғалардың қызметтен босатылуын 11 қыркүйекте елдің қорғаныс министрі Мохаммед Насер Ахмед Алиге жасалған қастандықпен байланыстырады.
Карачидегі жағдай
«Франс-пресс» агенттігінің таратқан ақпараттары бойынша, Пәкстанның Карачи қаласындағы тігін фабрикасында болған өрттен қаза тапқандар саны 110 адамнан асқан. Карачи қаласы өрт қызметі бастығы Эхтешам Салимнің мәлім етуінше, өртенген ғимараттан адамдардың мүрдесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Өрт қызметі бастығының айтуынша, ажал құшқандардың көпшілігінің денесі ғимарат астындағы жертөледен табылып отыр. Жертөле толығымен жанып кеткен. Елдің қаржылық және өнеркәсіп астанасы саналатын Карачидегі өрттен апат болғандар саны арта түсуі мүмкін. Ал өрт 11 қыркүйекте болған. Осы күні сондай-ақ Лахор қаласындағы аяқ киім фабрикасында да өрт шыққан. Соның салдарынан 25 адам мерт болған екен. Бір күнде екі ірі фабрикада орын алған өртке қатысты Пәкстан билігіне сындар да айтыла бастады.
Ресми мәлімдеме жасамады
Сейсенбі күні кешкісін АҚШ-тың Бенгази қаласындағы консулдығына шабуыл жасалды. «Франс-пресс» агенттігінің Ливиядағы тілшісінің хабарлауынша, қаруланған топ дипломатиялық миссияның ғимаратына басып кіріп, өртеп жіберген.
Ал «Аль-Арабия» телеарнасының хабардар етуінше, АҚШ консулдығы гранатометтен атқыланған. Ливия билігі өкілінің сөзіне қарағанда, консулдық ғимаратқа исламшылар шабуыл жасаған. Өйткені, оған америкалық телеарнаның 11 қыркүйектегі террорлық әрекетке орай көрсеткен фильмі себеп болған. Фильмде Мұхаммед пайғамбарды ғайбаттаған көріністер бар көрінеді. Мұндай қарсылық сондай-ақ Египет астанасы Каирде де өткен. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Ливиядағы жағдайға байланысты қазірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
Төрт адам тірі қалды
Ресейдің тергеу комитеті Камчаткада апатқа ұшыраған Ан-28 ұшағына қатысты үш жағдайды атады. Олар: экипаж мүшелерінің сенімсіз іс-қимылы, ұшақтың техникалық ақаулығы және ауа райының қолайсыздығы.
Тергеушілер ұшақтағы жанармайды тексеруді қолға алған. Сонымен бірге, ұшқыштардың жергілікті басқару қызметімен сөйлескен жазбаларды да тапқан. 12 қыркүйекте Петропавловск-Камчатскіден Палана бағыты бойынша ұшқан рейс түске жақын радардан жоғалып кеткен. Көп кешікпей әуе кемесінің сынықтары жақын маңнан табылды. Апат салдарынан ұшақтағы 10 адам опат болды, олардың екеуі экипаж мүшелері. Ұшақтағы төрт жолаушы аман қалды.
Кездесуге ниет білдірмеді
АҚШ президенті Барак Обама Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудің Құрама Штаттарына сапары кезінде онымен кездеспейді. Бұл жөнінде «Франс-пресс» ақпарат агенттігі хабарлады.
Израильдің жоғары шенді өкілінің айтуынша, Б.Нетаньяху өзінің сапары барысында Б.Обамамен кездесуді өтінген. Бірақ Ақ үй оның өтінішін қабылдамаған. Ресми деректерге қарағанда, АҚШ президентінің жұмыс кестесі аса тығыз болғандықтан, ол Израиль премьер-министрімен кездесуді жөн деп таппаған сияқты. Дегенмен, премьер-министр АҚШ-тың өзге де жоғары лауазым иелерімен, оның ішінде мемлекеттік хатшы Х.Клинтонмен кездеседі.
Осындай да болады екен
Лондонның батысында Хитроу әуежайына қонуы кезінде ұшақтан құлаған ер адамның денесі табылды. Ақпарат көздеріне қарағанда, ол 20-30 жастардағы африкалық көрінеді.
Полиция қызметкерлері үстінде джинсы мен кеудешесі бар адам экипаж мүшелері де емес екендігін, ұшақ бортында мұндай адамның болмағанын да айтады. Алдын ала жасалған қорытынды бойынша, ол ұшақ шассиінің бөлігінде тығылып, жасырын ұшып келген бейбақ сияқты. Жергілікті басылымның жазуынша, әлгі адам 600 метрдей биіктіктен құлаған.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.