- Ракуша ауылындағы М.Өтемісов орта мектебінің құрылысы 2017 жылдың маусым айында басталып, 2019 жылдың наурызында аяқталды. Бұл жергілікті тұрғындар үшін қуанышты жайт, себебі, Өркен ықшам ауданындағы 35 мектепте ауылдың 645 баласы оқып жатыр, - деді қалалық білім беру бөлімінің басшысының орынбасары Ерлан Қабдинов.
Екі қабатты жаңа мектеп 2,5 гектар жерде орналасқан. Мұнда сапалы білім беруге барлық жағдай жасалған: кабинеттер жаңа заманауи жабдықтармен, интерактивті тақтамен және компьютермен жабдықталған. Мектепте кең әрі жарық сыныптар, үлкен спорт залы, асхана, кітапхана және мектепке дейінгі жастағы балалардың жеке сыныптары бар.
- Мен біздің қаламыздың әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін «NCOC» компаниясының басшылығына алғыс айтқым келеді. Облыс орталығындағы құрылыс инфрақұрылымы мен әлеуметтік нысандарыңыздың арқасында мектептер мен балабақшалар тапшылығы мәселесі шешілуде , - дейді Атырау қаласының әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы.
Бақытгүл БАБАШ,
«Egemen Qazaqstan»
Атырау