20 Наурыз, 2019

«Золотой граммофон» музыкалық сыйлығына қатысушылардың есімдері белгілі болды

956 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада тұңғыш рет 2019 жылғы 28 наурыз күні «Золотой граммофон» музыкалық жүлдесінің салтанатты рәсімі өтеді.

«Золотой граммофон» музыкалық сыйлығына қатысушылардың есімдері белгілі болды

Аталған марапат 1996 жылы құрылып, бүгінгі күні ТМД-да беделді музыкалық сыйлық болып табылады.

Осы жылдар ішінде «Золотой граммофон» рәсімі Мәскеуде ғана өткізіліп қоймай Санкт-Петербург, Минск және Алматы қалаларында да өткізілді.

Биыл рәсімге Ёлка, Burito, Владимир Пресняков, «Серебро» тобы, Таисия Повалий, Зара, Artik&Asti, Денис Клявер, Юлиана Караулова және басқа да көптеген әншілер қатысады.

Концертке билетті www.ехро2017astana.com, www.kassir.kz сайттарынан сатып алсаңыздар сыйға «Нұр Әлем» Сферасына кіру билеті беріледі.

Соңғы жаңалықтар