20 Наурыз, 2019

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

1090 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өскемен қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясы өткізіліп, депутаттар Тәуелсіздік даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев атымен атау мәселесін талқылады. 

Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев аты беріледі

Жиында сөз алған қала әкімі Жақсылық Омар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үлкен қалалардағы орталық көшелерге Тұңғыш Президент атын беруге қатысты ұсынысына сәйкес шаһардағы төрт ұжымнан ("Қазцинк" қызметшілері, облыстық аурухана дәрігерлері, мұғалімдер және қоғамдық кеңес мүшелері) хат келіп түскенін айтты. Отырысқа қатысқан халық қалаулылары ұсынысты бір ауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше