Аймақтар • 21 Наурыз, 2019

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылын қолдап дауыс берді

1061 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қ.Сәтбаев даңғылының атауын Н.Назарбаев даңғылына өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Атырауда депутаттар Н. Назарбаев даңғылын қолдап дауыс берді

Бұл ұсынысты қалалық мәслихат депутаттары 20 наурызда кезекті отырыста қолдады.

«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президенті міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Астананың атын өзгертуді ұсынды. Сондай-ақ әрбір қалада көшелердің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен атау керек екендігін айтты. Осыған байланысты мен Қ.Сәтбаев даңғылын Н.Назарбаев даңғылына ауыстыруды ұсынамын», деді қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Ақылбек Рысқалиев депутаттарға ұсыныс жасап.

Өз кезегінде депутаттар даңғыл атын өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Сондай-ақ, қалалық мәслихаттың 36-сессиясының отырысында Азаттық даңғылының атауы академик Қ.Сәтбаев даңғылына ауыстыру туралы ұсыныс жасалды.

Даңғыл атауын өзгерту туралы ұсыныс Республикалық ономастикалық комиссияның шешіміне сәйкес енгізіледі.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

 Атырау