Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды

1027 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазғанда Наурыз мерекесінің қарсаңында 30 отбасы қоныс тойын тойлады. Олардың бәрі жаңа пәтерлерге жеңілдетілген несиелендіру бағдарламасы бойынша «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» арқылы ие болды.

Жезқазғанда 30 отбасы баспаналы болды

Жаңа баспанаға мемлекеттен арендалық пәтер алудың кезегінде тұрған мұқтаж жандар қол жеткізді.

Жезқазған қаласында биыл 60 пәтерлік тұрғын үй құрылысы басталады. Бұл жоба толықтай республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Сондай-ақ, жеке инвесторлар салған 90 пәтерлік тұрғын үй де алдағы уақытта пайдалануға берілмекші. Жалпы 2020 жылға дейін Жезқазғанда 226 отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарда бар.

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

Қарағанды облысы