21 Наурыз, 2019

Дәннен өрілген картина

1428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Студенттер арасында өткен «Деларук Hore­cas-2019» жас аспазшылар халықаралық бай­қауының арт-шығармалар аталымында жүз­ден жүйрік шыққан Алматы экономика кол­лед­жінің 2-курс студенті Меруерт Шайых қазы­лар алқасын өзінің ерекше туындысымен таң­ғал­дырды. Ол әйгілі француз суретшісі Ван Гогтың «Күнбағыс» картинасын тоғыз түрлі дәнді дақылды пайдалана отырып бедерлеп шыққан.

Дәннен өрілген картина

 Аппликация атауы латынның «қиыстыру», «жабыстыру» деген сөзімен сабақтасып жатыр. Сурет түрінде орындалған аппликация түрі ертеректе грек өнерінде пайда болған деседі. Бүгінде қай халықтың мәдениетінде де бұл өнердің алатын орны ерекше. Көзге жылылық ұялататын әсем шығарманы кейіптеуге Меруерт айға жуық уақыт жұмсапты. Бір қарағанда оп-оңай секілді көрінгенмен, әрбір дәнді түсіне сай үйлесімді етіп кенеп бетіне орналастыру асқан төзімділік пен ұқыптылықты қажет етеді. Он алты жастағы студенттің сурет өнеріне деген қызығушылығы зор. Асбұршақ, күріш, жүгері, қарақұмық, кәкнәр, жасымық, мәш секілді алуан түсті дақылдар картинаның ажарын аша түскен. Байқауға қатысқан алпыстан астам шығарманың ішінен дара шыққан туындысын тәлімгер «Өмір нәрі» деп атапты.

«Байқауға Германия, Ресей елдерінен келген мамандар қазылық жасады. Ұстазым Жанар Ермекқызы осынау айрықша саланың қыр-сырына баулып келеді. Бүгінде кондитер мамандығы бойынша білім аламын. Болашақта үлкен кондитер болуды армандаймын. Қазақтың ұлттық тағамдарының әлемдік брендке айналуына өз үлесімді қоссам деймін. Қосымша мұндай өнер түрімен айналысу маған шабыт сыйлайды әрі қанаттандырады. Еңбегімнің бағаланғанына қуаныштымын», – дейді Меруерт Шайых.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ