Аймақтар • 21 Наурыз, 2019

Тараз қаласындағы үлкен көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

1406 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІІІ сессиясы өтіп, қабылданған шешім бойынша Тараз қаласының орталығындағы Төле би даңғылы енді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев есімімен аталатын болды.

Тараз қаласындағы үлкен көшеге Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілді

Сессияны Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов жүргізіп отырды. Аталған ұсыныс Тараз қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі негізінде жолданған. Осыған орай, Жамбыл облысының әкімдігі мен мәслихатының бірлескен шешімі облыстық Қоғамдық Кеңеспен келісілген.

Егемен еліміздің тарихында Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өлшеусіз. Елбасыға деген елдің құрметі, халықтың қошеметі ешқашан толастаған емес. Енді бұдан былай Таразқаласында алты шақырымды құрайтын Нұрсұлтан Назарбаев көшесі пайда болды. Жаңа даңғылдың бойында ҚР Тұңғыш Президенті саябағы, «Мәңгілік Ел» монументі, Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақ, «Достық» алаңы, орталық мешіт сияқты бірнеше нысандар орналасқан. Ал, көне шаһардағы Ташкент көшесі Төле би атымен қайта аталады.

 Хамит Есаман,

«Egemen Qazagstan»

Жамбыл облысы