21 Наурыз, 2019

Болашаққа үлгі болғай

1035 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Болашаққа үлгі болғай

Дүние жүзі, әлем тарихында билік ауысатын кез, кезең көбінесе трагедиялық жағдайда, тіпті қантөгіс, қасірет жағдайда өтетін еді. Қазақстанды, қазақ халқын Жаратқан иеміз ондайдан сақтады. Екі бірдей ақылды азамат – бірі билікті өзі беріп, бірі билікті «Міндетім!» деп қабылдап алмақ. Мұндай ақыл билеген кезең адамзат тарихында болған емес. Осы сұлу кезеңнің тарихи жалғасы баянды болсын. Теледидардан көріп отырып «Қазақ деген қандай бақытты халық!!!» деп ойладым, қазақ тарихында мұндай ақыл билеген кезеңдер болған. 

Лайым осылай бола бергей. Келешек ұрпақтарға бұл бұлжымас үлгі болғай.

Әкім ТАРАЗИ,

жазушы-драматург, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты