
Аса қадірлі
Нұрсұлтан Әбішұлы!
Сіздің халыққа арнаған жолдауларыңызды қазақстандықтар қашанда аса үлкен ықыласпен күтеді, тыңдайды. Өйткені онда үнемі ел дамуының стратегиялық жолдары көрсетіліп, жұмыс бағыт-бағдары айқындалып беріледі.
Қазақстан Республикасының Президенті өкілеттігін тоқтатуыңыз туралы Үндеуіңізді қазақстандықтар, оның ішінде қазақ өнерінің қарашаңырағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының ұжымы толқи, ерекше тебіреніспен тыңдадық.
Сізге Тәуелсіз елдің алғашқы басшысы болу мәртебесі бұйырды. Өзіңіз жүргізген мемлекеттік сарабдал саясатыңыздың арқасында Қазақстан шын мәнісіндегі тәуелсіз де еркін, экономикасы мен мәдениеті дамыған өркениетті елге айналды, әлем қауымдастығынан лайықты орын алды.
Мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатыңыз – мәдени және рухани құндылықтарды жасауға, жаңғыртуға, қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға, таратуға және пайдалануға бағытталғанын мақтанышпен айтуымызға болады. Тәуелсіздік жылдары ұлттық өнер, сахна өнері құлашын кеңге жайды. Өзіңіздің бастамаңызбен Республикада тәуелсіздік жылдары көптеген жаңа театрлар ашылды, талантты бірнеше жас буын өсіп шықты.
95 жылдық тарихы бар қарашаңырақ, әлемнің көптеген елдерінде өнер көрсету мәртебесіне ие болған М.Әуезов театры өзіңіздің «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламаңызда атап көрсетілгендей, «Қазақстанның мәдениетті және прогрессивті идеалдар қоғамына айналуы...» жолында аянбай еңбек етіп келеді. Өзіңіз бастамашы болған «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған, әлі де атқарылатын жұмыстар аз емес.
Кешегі тарихи Үндеуіңізде Өзіңіз елімізді басқарған 30 жыл бойы атқарылған жұмыстар туралы бірнеше сөйлеммен ғана түйіп айтып өттіңіз. Ал мұның астарында Сіздің ақыл-парасатыңыз, даналығыңыз, қаншама еңбегіңіз, күш-қуатыңыз бар екенін халық жақсы біледі. Біз, сахна қайраткерлері, оның ішінде М.Әуезов театрының ұжымы шын мәнісіндегі тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті, дара Тұлға, қайталанбас құбылыс – өзіңізбен замандас болғанымызға, ұстанған сара бағытыңызды мұраттастықпен қолдап, еңбек етіп келе жатқанымызға бақыттымыз.
Сіздің кешегі тарихи Үндеуіңіздің әрбір сөзі, сөйлемі біздерді қатты толқытты. «Маған ұлы халқыма, туған жеріме қызмет ету бақыты бұйырды. Баршаңызға – халқыма зор ризашылығымды білдіріп, басымды иемін» дедіңіз. Бізге өзіңіздей Елбасы бұйырғанына біздер де аса бақыттымыз. Және Тұңғыш Президентімізге бүкіл Қазақстан халқы, олардың қатарында М.Әуезов театры ұжымы да аса үлкен ырзашылығымызды білдіріп, басымызды иеміз.
Қазақстан халқына кешегі Үндеуіңізде: «...Елеулі өкілеттігі бар Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы ретінде қызмет ете беремін. «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Конституциялық Кеңестің мүшесімін. Яғни, өздеріңізбен бірге боламын. Еліміздің, халқымыздың қамы – менің мүддем болып қала береді» деген сөзіңіз бізге қанат бітіріп, көңілімізге сенім ұялатты.
Біз, сахна қайраткерлері елімізді жаңғырту процестерінің баянды жалғасатынына сенеміз және Мәңгілік елімізді сақтау үшін қолымыздан келгенді аямаймыз деп уәде береміз.
Аса үлкен құрметпен,
КСРО халық әртісі, КСРО, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының, «Отан», «Құрмет» ордендерінің иегері, «Қазақстанның Еңбек Ері» Асанәлі ӘШІМОВ,
Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Сәбит ОРАЗБАЕВ,
Қазақстанның халық әртістері Нүкетай МЫШБАЕВА мен Торғын ТАСЫБЕКОВА,
театр директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Сәбит ӘБДІХАЛЫҚОВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жалғас ТОЛҒАНБАЙ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат САТЫБАЛДЫ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Берік АЙТЖАНОВ пен Еркебұлан ДАЙЫРОВ,
Қазақстан Жастар одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты Аян ӨТЕПБЕРГЕН
және барша театр ұжымы
«Мың алғыс»: Қайырымдылық телемарафонында 22 миллион теңге жиналды
Қазақстан • Кеше
Биыл медициналық сақтандыруға қанша қаржы бөлінеді?
Медицина • Кеше
2020 жылы МӘМС аясында қанша күрделі операция жасалды?
Медицина • Кеше
Елбасы • Кеше
Тарих • Кеше
Спорт • Кеше
Бас театрдағы балалар студиясы
Өнер • Кеше
Алтын шынжырдың соңғы шығыршығы...
Руханият • Кеше
Қызылорда облысында карантин шаралары жеңілдетілді
Аймақтар • Кеше
Былтыр СҚО-да 7 мыңға жуық нәресте дүниеге келген
Аймақтар • Кеше
Шығыс Қазақстанда жұма намазға жиналуға рұқсат берілді
Аймақтар • Кеше
Қызылжарда анасы ұрып-соққан қыз көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Жалға алған үйін тонап кеткен ұры ұсталды
Аймақтар • Кеше
Францияның экс-президенті түрмеге тоғытылды
Әлем • Кеше
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
Аймақтар • Кеше
Тергеушілердің ұстазы ұлықталды
Аймақтар • Кеше
Алматыда этносаралық қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды
Аймақтар • Кеше
Алматыдан Қырғызстанға әуе рейстері қайта жанданды
Қазақстан • Кеше
Алматыда қанша тұрғын үй жылусыз қалды?
Аймақтар • Кеше
Армениядан әкелген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды
Қазақстан • Кеше
Қырғызстанда Парламент сайлауы күзде болады
Әлем • Кеше
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салық есептеу жеңілдетілді
Экономика • Кеше
Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Алматылық студенттер Алғыс айту күнін атап өтті
Қазақстан • Кеше
Өмірбек Жолдасбековтың 90 жылдық мерейтойы тойланды
Қазақстан • Кеше
ҚДКБҚ депозиттердің сәуірдегі ең жоғары мөлшерлемелерін жариялады
Экономика • Кеше
Сыр елінен 700-ге жуық азамат әскерге барады
Аймақтар • Кеше
Ресей инвесторлары Атырауға бет бұрды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қоғам • Кеше
Асқар Мамин «Роскосмос» басшысымен кездесті
Үкімет • Кеше
Көктем кешікпей жетеді: Наурыз айына арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Кеше
Дубайдан келген 4 жолаушыдан коронавирус анықталды
Қоғам • Кеше
Үкімет • Кеше
Алматыда ұлттар достыған арқау еткен шара өтті
Аймақтар • Кеше
Қуатты құрылымның шуақты мерекесі
Қазақстан • Кеше
Әулиеаталықтар Алғыс айту күнін атап өтуде
Аймақтар • Кеше
Наурыз айында ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше
Көпбалалы ана белгісіз кәсіпкерге алғыс айтады
Аймақтар • Кеше
Ержан Бәкірбайұлы Талдықорғанның әкімі болып тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зейнетақы ақшасын стоматологиялық қызметке пайдалануға болады
Медицина • Кеше
Алматыда педагогтардың республикалық жиыны өтті
Білім • Кеше
Өңірлердегі медициналық ұйымдардың тозығы жеткен
Аймақтар • Кеше
Тараз полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Аймақтар • Кеше
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
Аймақтар • Кеше
Киевте Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай іс-шара өтті
Руханият • Кеше
Ұқсас жаңалықтар