Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Шекарашылар 51 жастағы қырғыз азаматын ұстады

984 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе шекара отрядының «Жайсаң-авто» өткізу бөлімшесінде Ресейден Қазақстанға қарай «ДАВ» автокөлігінің тіркемесінде жалпы салмағы 20 тонна кесілген тақтайлар алып келе жатқан 51 жастағы Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Шекарашылар 51 жастағы қырғыз азаматын ұстады

«Шекарашылар тақтайлар астына жасырылған 57 қап грек жаңғақтарын тауып алды. Рұқсат құжаттары тек тақтайларға ғана рәсімделген. Жаңғақ толтырылған қаптар актіленіп Мәртөк аудандық өсімдіктер карантины мен фитосанитарлық бақылау бойынша бөлімге тапсырылды» делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, дәл осы өткізу бекетінде 35 жастағы қазақстандық Ресейге қарай «Газель» автокөлігімен рұқсат құжаттарынсыз жалпы салмағы 2 400 кг тартатын теміржол дөңгелектерінің жұбын алып өтпек болыпты. Жүк Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылды.