Мерекелік дастарханға ұлттық киіммен келген балғындар аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарқызының құттықтауын тыңдады. «Наурыз мерекесінің тарихы тым әріде. Бұл мейрамның тәрбиелік мәні өте зор. Мұндай мерекелік шараны бұдан былай ауданымызда дәстүрлі түрде, жыл сайын Наурыз қарсаңында өткізіп отыратын боламыз. Бүгін оқушыларымыз қойылым кейіпкерлерімен бірге ертегілер әлеміне еніп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпымен жан-жақты танысып, Наурыз мерекесінің символы – әсем де әдемі гүл – Жауқазын туралы мағлұматтар алды», - дейді Ж.Асқарова.
Шара соңында әр балаға тәтті-дәмділер салынған күлек пен сыйлық тарту етілді.
Азамат ҚАСЫМ,
«Egemen Qazaqstan»
Шығыс Қазақстан облысы,
Алтай ауданы