Қазақстан • 21 Наурыз, 2019

Қостанайдың басты көшесі Назарбаев есімімен аталатын болды

706 реткөрсетілді

Қостанай қаласындағы Абай даңғылы енді Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы деп аталады. Бұл туралы Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында мәлім болды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Фото: alau.kz

Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Бағытбек Сәндібековтің мәлімдемесіне сәйкес, депутаттар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті құрметіне облыс орталықтарының бас көшелерін қайта атау туралы ұсынысын қолдау туралы бастама көтерді. Бүгін Қостанай қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс орталығындағы Абай даңғылын Нұрсұлтан Назарбаев даңғылына өзгерту жөніндегі ұсынысты бірауыздан қолдады. Әлеуметтік ғылымдар докторы, Қостанай облысының Құрметті азаматы, Журналистер одағының облыстық филиалының төрағасы Сергей Харченконың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев - халқының алдында сіңірген еңбегі үшін егемен Қазақстанның жылнамасына кіруі қажет тарихи тұлға.

«Ол Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін де елдің егемендгін сақтай алды, жаңа экономикалық саясат құра бастады, өндірісті дамытуға баса назар аударды. Өйткені мұндай қадамдар сол уақытта қиын болатын, шыны керек, көпшілігі жарқын болашаққа сенбеді. Ал Елбасы бізге мұндай шаттықты күнді сыйлады. Сондықтан да оның есімін облыс орталығындағы бас көшеге берген дұрыс шешім», - деді С.Харченко агенттік тілшісіне. Айта кетейік, Абай көшесі Қостанай қаласындағы басқа бір көшеге ауыстырылады. Нақты қайда көшірілетіні қаралуда.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ымыраластыруға ынтамен кірісті

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жан азығы

Руханият • Бүгін, 09:34

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар