«Бізге ең жақын көрші елде қандай саяси оқиғалар болып жатқанын көріп отырмыз. Олар саяси басшылықтың алмасуына байланысты. Сабақтастықтың қамтамасыз етілетініне үміт артамыз. Бірақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жоғарғы мемлекеттік лауазымын тапсыруына байланысты, оған бірге атқарған еңбегі үшін көп рахмет айтып, денсаулық, сәттілік тілеуге барша негізіміз бар. Ол елдер арасындағы озат интеграцияның бастамашыларының бірі, ЕАЭО авторы деуге болады. Бұл жоба оның тікелей қолдауының, осы іске атсалысқанының арқасында табысты дамып келеді. Өз тарапымыздан осы процестерді жалғастыру үшін барымызды саламыз» деді В.Путин РФ үкімет мүшелерімен кездесуінде.