Аймақтар • 22 Наурыз, 2019

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

1016 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысының шахтерлері Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа үндеу жолдады. Оған 3053 шахтер қол қойған. 

Қарағанды шахтерлері елорданың жаңа атауына қолдау білдірді

«Аса құрметті Елбасы! Қарағанды облысының шахтерлері қашанда Сіздің тірегіңіз. Біз әрқашан тек қана Сізге сеніп келдік. Сізге сенуге болатынын сан мәрте ісіңізбен дәлелдедіңіз. Сіз еңбек адамын жете түсіндіңіз, өйткені өзіңіз де еңбек адамысыз. Сіздің президенттік өкілетіңізді тапсыру туралы шешіміңізді естіп, көңіліміз құлазыды», деп жазады Қарағанды шахтерлері.

Үндеуде шахтерлер ортасында мұның жүректі ауыртар тосын жаңалық болғаны айтылған.

«Бізге ұзақ уақыттан бері көрсетіп келген қолдауыңыз үшін Сізге алғыс айтамыз. Сіз әрдайым ең қиын сәттерде бізбен бірге болдыңыз. Біз үнемі Сіздің қамқорлығыңызды сезінеміз. Біз әрқашан Сіздің бағытыңызды қолдаймыз. Біз еліміздің жүрегі - елорданы Нұр-Сұлтан деп аталғанын қолдаймыз. Біздің ауыр еңбегімізді үнемі жоғары бағалағаныңыз үшін Сізге тағы да алғыс айтқымыз келеді. Сізге мықты денсаулық және амандық тілейміз», дейді шахтерлер.