Қазақстан • 22 Наурыз, 2019

Халықтың орташа жасы – 28,8

1438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық статистика департаментінің басшысы Мәриям Баекеева өңірде жастардың үлесі көп екендігін айтты.

Халықтың орташа жасы – 28,8

«Елбасымыздың биылғы жылғы Жолдауында 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны баршамызға белгілі. Жастар халықтың қоғамдық белсенді топтарының бірі болып табылады, демографиялық жағдайға серпін береді. 2018 жылдың 1 қаңтарында облыстағы жастардың саны 190,1 мың адамды немесе халықтың 24,3% құрайды. Қала халқының құрылымындағы жастардың үлесі 42%, ал ауыл жастары 58% және 52% ерлер, 48% әйелдер», - деді Мәриям Баекеева.

Сонымен қатар, туу көрсеткіші бойынша 2017 жылы 15-29 жас аралығындағы әйелдер 11922 баланы дүниеге әкелген.

Ал, 16-29 жас аралығында некеге тұрған ерлер 74%, ал әйелдер 86% құрады. Ең белсенді некеге тұру жасы ерлер арасында 23-27 жас, әйелдер арасында 20-24 жас болып отыр.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Egemen Qazaqstan»

Қызылорда облысы