Аймақтар • 22 Наурыз, 2019

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүсті Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Марат Тасмағанбетов СҚО әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

СҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

Марат Иманбайұлы 1971 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Рузаев ауданы Андреевка ауылында туған.

Көкшетау ауылшаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы Көкшетау облысы Рузаев ауданы «Привольный» совхозында бригада есепшiсi болып бастады. 1995-2000 жылдары СҚО, Целинный ауданының «Западный» совхозының бас агрономы, «Западное Казахстан» ЖШС директоры. 2000-2006 жылдары - СҚО, Ғабит Мүсiрепов ауданының «Вест» ЖШС директоры. 2006-2014 жылдары СҚО, Ғабит Мүсiрепов ауданының әкiмi болды. 2014 жылдан бастап осы күнге дейін Петропавл қаласының әкiмi болып қызмет етті.