«Тимур Мұратұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын», делінген Ақордада жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ Президент Өкімімен Тимур Мұратұлы Сүлейменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.