Қазақстан • 22 Наурыз, 2019

Өскеменде Наурыз мерекесі өзгеше тойланды

803 реткөрсетілді

Облыс орталығы – Өскеменде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтіп жатыр. Күндізгі сағат 10-да басталған шаралар орталық алаңда әлі де жалғасуда. 

Биылғы Наурыз мерекесінің ерекшелігі сол, қаланың қақ ортасындағы алаңға Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында алаңға 7 киіз үй тігілді. «Біздің университеттің киіз үйі ұлы Абай есімін ұлықтауға арналды. Осы жерге ақынның Семейдегі музейінде тұрған орындығы макет түрінде келушілер назарына ұсынылды. Данышпанның жазған кітаптары да сөреге қойылды. Әртүрлі ұлттық жәдігерлеріміз де киіз үй төрінен орын алды. Биыл ақпан айында Польшаның Свече қаласындағы Лингвистикалық-техникалық университеті базасында Абай атындағы жастардың ғылыми-білім беру орталығын ашқан болатынбыз. Мұндағы мақсатымыз – қазақстандық және поляк жастарын Абай шығармаларымен, ақын туған топырақпен, Шығыс Қазақстанның өзге де даңқты тұлғаларымен таныстыру еді. Ерекше айтқымыз келетіні, Ерасыл Мұхамбетқалиев деген студентіміз Польшада ашылған осы орталықта «50+50» деген кітабын шығарды. Ондағы ақпараттың 50-і Қазақстанға, қалғаны Польшаға арналған», - дейді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Мұхтар Әділбекұлы.

Азамат ҚАСЫМ,

 «Egemen Qazaqstan»

ӨСКЕМЕН

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар