Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 20-ракеткасы, швейцариялық Белинда Бенчичпен кездесті. Ю.Путинцева 6:3, 7:5 есебімен екі партияда жеңіске жетті. Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды. Бұдан бұрын теннисшілер екі мәрте кездескен болатын. Соның біреуінде қазақстандық теннисші басым түссе, биылғы Аустралия ашық чемпионатында швейцариялық спортшы ұтқан еді. Ю.Путинцева үшінші айналымда әлемнің 12-ракеткасы, латвиялық Анастасия Севастовамен кортқа шығады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ю.Путинцева екінші айналымға шыққан болатын.