Спорт • 23 Наурыз, 2019

Милад Карими кермедегі жаттығу бойынша әлем кубогінің финалына өтті

718 реткөрсетілді

Бұл күндері Катар астанасы Дохада спорттық гимнастикадан лицензиялық әлем кубогі өтуде. Қазақстандық Милад Карими гимнастикалық кермедегі жаттығудың іріктеу кезеңін сәтті аяқтады деп жазады Olympic.kz.

Карими кермедегі жаттығудың іріктеу кезеңінде 14.300 ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Бірінші сатыда 14.333 ұпай жинаған хорватиялық Тин Србич, үшінші орында 14.133 ұпай иеленген ресейлік Алексей Ростов тұр. 

Осы жаттығуда сынға түскен тағы бір қазақстандық спортшы Ербол Жантықов іріктеуді 16-шы орынмен аяқтады. 

Ал гимнастикалық ат снарядындағы жаттығуда Карими 11-ші, Нариман Курбанов 30 орын иеленген болатын. 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ымыраластыруға ынтамен кірісті

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жан азығы

Руханият • Бүгін, 09:34

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар