11 Қазан, 2012

Референдум өткізуге қарсы

359 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Референдум өткізуге қарсы

Бейсенбі, 11 қазан 2012 7:15

Испания парламенті Каталония билі­гі­нің елден бөліну туралыреферендум өт­кізу жөніндегі қаулысына қар­сы дауыс бердіБұл туралы«Рейтер» ақпарат агент­тігі хабарлады.

Каталония тұрғындары осындай референдум өткізу жөнінде қыркүйектің соңын­да мәселе көтерген еді. Бірақ орталық биліктің қарсылығына байланысты дауыс беру жүзеге аспады. Каталония – Испаниядағы өзіндік мәдени және салт-дәстүрі бар ең табысты аймақтың бірі болып табылады.

Бейсенбі, 11 қазан 2012 7:15

Испания парламенті Каталония билі­гі­нің елден бөліну туралыреферендум өт­кізу жөніндегі қаулысына қар­сы дауыс бердіБұл туралы«Рейтер» ақпарат агент­тігі хабарлады.

Каталония тұрғындары осындай референдум өткізу жөнінде қыркүйектің соңын­да мәселе көтерген еді. Бірақ орталық биліктің қарсылығына байланысты дауыс беру жүзеге аспады. Каталония – Испаниядағы өзіндік мәдени және салт-дәстүрі бар ең табысты аймақтың бірі болып табылады. Бұл аймақ соңғы жылдары Мадридтің экономикалық саясатына байланысты ауыр дағдарысқа тап болып отыр. Каталония 1714 жылға дейін тәуелсіз мемлекет болып келген. Испан монархиясына қарсы соғыста жеңіліс тауып, күшпен корольдік құрамына қосылған-ды.

Жапонияға барудан бас тартты

Қытайдың қаржы министрі мен орталық банк басшысы Бүкіләлемдік банкпен Халықаралық валюта қорының жыл сайын өтетін сессиясынабарудан бас тарттыБұл жолғы сессия 9-14 қазан күндері Жапонияда өтуітиіс болатын.

«Франс-пресс» агенттігінің хабарлауынша, ҚХР тарапы осы елдің орталық банк басшысы Чжоу Сяочуанның Жапонияға бармайтынын және сессияда сөз сөйлемейтінін Халықаралық валюта қорына екі күн бұрын мәлімдеген. Оның орнына Токиоға банк басшысының орынбасары келетін көрінеді. Ал ҚХР қаржы министрі Се Сюйжэні оның орынбасары алмастырмақ. Қытай министрі мен банк басшысының сапардан нендей себептерден бас тартқаны жөнінде ресми ақпарат жоқ. Ресми емес дерек көздері ол Қытай мен Жапония арасындағы Сенкаку аралына қатысты туындаған дауға байланысты дегенді айтады.

Қауіп жақындай түскендей ме?

АҚШ пен Израиль билігі жария түрдегі көзқарас алшақтығынақара­­мастансоң­­­­ғы күндері олардың Иран­­ға қарсы әс­ке­­­ри операциямә­се­лелері жөніндегі ұста­­­ным­­­дары ай­тар­лықтай жақындай түс­­­­­кен.Бұл туралы АҚШ-тың белгілі сая­­­­саткері Дэвид Роткопф «Foreign Policy»журналында жа­рияланған мақаласында атап өткен.

Саясаткердің мақалада келтірген деректеріне қарағанда, Вашингтон мен Иерусалим бірлесе отырып, Иранның  ядролық нысандарына «хирургиялық» соққы беру мүмкіндігін қарастыруда. Мұндай операция бірнеше сағатқа немесе екі тәулікке созылатын болады. Оған негізінен стратегиялық бомбалаушы ұшақтар, әуе қорғаныс күштері тартылады. Мақалада, сондай-ақ бұл операция президенттікке түскен Барак Обамаға ұпай жинау үшін қажет екендігі де аталған.

Стратегиясын әрі қарай жалғастырады

Тбилисиде парламенттік сайлаудан кейін ел пре­зи­денті МихаилСаакашвили мен «Грузин арманы» коалиция­­сы­­­ның лидері БудзинаИванишвилидің ал­ғашқы кездесуі болдыКездесу қорытындысындатараптар Грузия НАТО-мен және ЕО-мен жақын­­дасуды жалғастыраберетініне уағдаласты.

«Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, «Грузин арманы­­ның» стратегиясы елдің бұрынғы үкіметінің стратегиясымен ұқсас ке­­­ле­ді. Б.Иванишвилидің мәлім еткеніндей, Грузия НАТО-ға мү­­­­­­­­­ше­­­лікке кіреді. Өз кезегінде М.Саакашвили қазіргі уақытта Грузияда билікті оппозицияға демократиялық жолмен беру «тарихи үде­­­­рісі» жүріп жатқанын айтқан. «Біз үкіметтің үлкен бөлігін бей­біт жолмен өткізудеміз, – деген ол осы жөнінде. – Грузин халқы өз таңдауын жасады, біз өз халқымыздың таңдауын құрметтейміз».

150 әскери маман жіберді

АҚШ қорғаныс министрлігі құпия түрде Иорданияға жоғары шенді офицер басшылық ететін, 150 әс­ке­­­ри мамандардан тұратын топ жі­­берген. Жергілікті басы­лым­дардың мәліметтері бойынша, америкалық әс­­керилер Амманның солтүстігін­­­­де­гі базаға орналас­тырылған.

Әскери құрамада байланыс офицерлері, логистика және жос­парлау мамандары, әскери нұсқаушылар, сондай-ақ босқындар және көші-қон жөніндегі сарапшылар бар. Бұл топтың қазіргі бас­ты мақсаты – көршілес Сирия елінен келетін барлық босқын­дарға қажетті көмектер көрсету. Сонымен қатар, Сириядағы соғыс өрті Иордания аумағын да шарпуға мүмкіндігінше жол бермеу. Өйт­ке­ні, ресми Амман Вашингтонның осы аймақтағы басты одақ­тас­тарының бірі болып табылады.

Гитлер туралы сериал түсірмек

Германия Адольф Гитлер туралы сегіз сериялы телефильм түсірмек. Бұл жө­нінде Каннда өткен жыл са­йынғы МІРСОМ телевизиялық көр­­месінде продюсерлер Нико Хофманн мен Ян Мойто мәлімдеген.

Телефильм 1914 жылғы Гитлердің бірін­ші дүниежүзілік соғыста әскери қызмет атқарған кезінен басталып, оның 1945 жылы өлгенімен аяқталатын көрінеді. Сериалды түсірушілер ұлтшыл баскесердің өмірбаянындағы негізгі сәт­терді, оның ішінде Гитлердің радикализациялауға қалай келгенін және Холокост жөнінде көрсетпек. Фильмнің сценарийімен және режиссурасымен неміс Ники Штайн айналыспақ. Ал Гитлердің рөлін кім ойнайтыны қазірге белгісіз.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.