13 Қазан, 2012

Нобель сыйлығын Еуроодақ алды

340 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Нобель сыйлығын Еуроодақ алды

Сенбі, 13 қазан 2012 7:10

Ослода Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының лауреаты жария етілді.Үстіміздегі жылы сыйлық Еуропа Одағына берілді.Ұйымдастырушылардың түсіндіруіншеЕО сыйлықты Еуропададемократияны дамытқаны және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өңірелдері арасын татуластырғаны үшін алып отыр.

 

Сенбі, 13 қазан 2012 7:10

Ослода Нобельдің Бейбітшілік сыйлығының лауреаты жария етілді.Үстіміздегі жылы сыйлық Еуропа Одағына берілді.Ұйымдастырушылардың түсіндіруіншеЕО сыйлықты Еуропададемократияны дамытқаны және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өңірелдері арасын татуластырғаны үшін алып отыр.

Мәлімдемеде Еуропа Одағының «ха­лықтар арасындағы бауырластық» қыз­ме­тін атқарып отырғаны атап көрсетіледі. «Рей­тер» агент­тігінің хабарлауынша, бұл жаңалықты Еу­ро­парламенттің спикері Мартин Щульц көзіне жас алып отырып қабылдаған. Осы орайда Еуропа Одағына үстіміздегі жылы 62 жыл тол­ғанын айта кетейік. Оның қазір 27 мүшесі бар.

 

Түркия АҚШ-тан мадақ естіді

Құрама Штаттар Мәскеуден Дамаскіге бағыт алған жолаушылар ұшағынқонуға мәжбүрлеген түрік билігінің іс-қимылын мақұлдап отыр. «БізТүркия үкіметінің аталған ұшақты тексеру туралы шешімін толыққолдаймыз», деп мәлімдеді АҚШ мемлекеттік департаментінің өкіліВиктория Нуланд.

Департамент өкілі ұшақ бортында қан­дай заттың болғаны туралы ештеңе айт­па­ғанымен, түркиялық әріптестерінің алын­ған жүкті тексергеннен кейін түсінік беретініне сенім артты. Жалпы, ұшаққа әскери жүк тиелген деген болжам айтылған болатын. Көп ұзамай мәселенің анық-қанығына көз жететіні тағы күмәнсіз. Осы аралықта Ресей президенті В.Путин 14-15 қазанға жоспарланған Түркияға сапарын желтоқсанға шегеретінін мәлімдеді.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Мысырдың исламдық «Мұсылман бауырлар» қозғалысының жоғарғытәлімгері Мохаммед Бади жақтастарын Иерусалимді Израильүстемдігінен босату үшін қасиетті соғысқа шақырды.

  Ауғанстанда әскери тапсырманы орындау барысында грузинконтингентінің әскери қызметкері, 23 жастағы капрал МиндияАбашидзе қаза таптыОл Ауғанстанда қызметін 2008 жылдан беріөтеп жүр екен.

  Оңтүстік Кавказдағы жағдайға орай ГрузияРесейАбхазия жәнеОңтүстік Осетия жүргізетін келіссөздер аясында күш қолданбаутуралы келісім дайындалатын боладыБұл туралы Грузия СІМ-інің өкілі С.Капанадзе хабарлады.

  Мексикада пиццаға тапсырыс берген бозбала мен бойжеткен, өздерінің пікірінше, тапсырысты тым кешіктіріп әкелген курьерді өлтіріп тынған. Тиісті органдар күдіктілерді қамауға алса, олар өз кінәларын мойындап та үлгерсе керек.

 

Неміс дәрігерлері ереуілге шықты

Мыңдаған неміс дәрігерлері жұмыс жағдайының нашарлығынанаразылық ретінде ереуілге шықтыНаразылық шарасыныңүйлестірушісі Шон Монкс демонстрацияның елдің 34 қаласындаұйымдас­ты­рыл­ғанын атап көрсеттіМонкстің бағалауыншаереуілгешамамен 30 мыңдай адам қатысқан.

Оның үстіне көптеген клиникалар іс жүзінде күні бойы жұмыс істемеген. Шара ереуіл қарсаңында дәрігерлердің өкіл­дері медициналық сақтандыру кассаларымен медиктердің гонорарларын жо­ғарылату туралы уағдаластыққа қол жет­кізгеніне қа­рамастан өткізілген. Алайда, дәрігерлер тек еңбекақыларын жоғары­ла­туды ғана емес, сондай-ақ гонорар есептеу жүйесін айқын­дауды талап етуде.

 

Үміткерлер дебаты тең аяқталды

АҚШ вице-президенттігіне кандидаттар Джо Байден мен Пол Райан арасындағы дебат, көрермендер дауыс беруінің қорытындысы бойынша, тең аяқталған. Республикашыл Райанға сұрау салынғандардың 48 пайызы дауыс берсе, демократ Байденді құптағандар саны 44 пайыз болған.

Есептеулер кезінде олқылық шамамен 5 пайызды құрай­тындықтан, сұрау салулар нақты жеңімпазды анықтай алмаған. Пікірталас барысында кандидаттар сыртқы саясатқа, экономикаға қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, әлеуметтік мәселелерді, оның ішінде аборт жасауға құқық тақырыбын қозғаған. Ал президенттіктен үміткерлер – республикашыл Митт Ромни мен демократ Барак Обама арасындағы 3 қазанда өткен алғашқы дебатта сәл басымдықпен Ромни жеңіске жеткен-тін.

 

Мақта термегеннің жазасы – өлім

Өзбекстанның Қашқадария облысындағы Шахрисабз қаласында милиция қызметкерлері 18 жастағы мақта терушіні өлтірді деген күдікпен қамауға алынған. Дерек көзінің сөзіне қарағанда, Наурыз Исломов мақта алаңына мұғалім болып істейтін анасын алмастыру үшін келсе керек.

Бұл жерде түсіндіре кететін жәйт, бүгінде де Өзбекстанда, Кеңес Одағы кезіндегі секілді, мақта жинауға бюджет ұйым­дарының қызметкерлері, мысалы, мұғалімдер мен дәрігерлер тартылады. Ал оқиғаға келетін болсақ, жас жігіт өзін нашар сезінгендіктен, жұмыс орнын тастап үйіне кетпекші болған екен. Ал оның уәжі милиционерлерді сендірмеген секілді.

 

Құдайсызға Канадада орын жоқ

Америкалық пастор Терри Джонс көпшілікке Құран кітаптарын өртеу акциялары арқылы белгілі. Жақында оған Канадаға кіруге рұқсат берілмепті. Джонстың өкілдерінің айтуынша, тыйым салуға оған осыдан 20 жыл бұрын Германияда салынған айып себеп болған.

Бұған қоса, өткен жылы Детройт қаласында (Канада) ұйымдастырылған шеру барысында қоғамдық тәртіпті бұзуы да өз кесірін тигізген. Джонс Канадада «Мұсылмандардың пәктігі» антиисламдық фильмін көпшілік арасында талқылау шарасына қатыспақ ниетінде болған. Тағы бір айта кететін жәйт – ол үстіміздегі жылдың қыркүйегінде Германияға да кіре алмапты. Ал АҚШ соты үш жыл бойы мешітке жақындауына тыйым салған екен.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.