17 Қазан, 2012

Шарайна

310 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Шарайна

Сәрсенбі, 17 қазан 2012 7:27

Салықты ұлғайтуға наразылар көп

Португалияда қаржы-экономикалық дағдарысқа бай­ланыс­ты тығырықтаншығудың түрлі жолдары қарасты­ры­­лып жатыр. Соған қарамастан, елрецессиядан шыға алар емес. Мәселен, қиындықтан құтылудың біржолы ретінде ел үкіметі салықты ұлғайтуға шешім қабылдаған болатын.

 

Сәрсенбі, 17 қазан 2012 7:27

Салықты ұлғайтуға наразылар көп

Португалияда қаржы-экономикалық дағдарысқа бай­ланыс­ты тығырықтаншығудың түрлі жолдары қарасты­ры­­лып жатыр. Соған қарамастан, елрецессиядан шыға алар емес. Мәселен, қиындықтан құтылудың біржолы ретінде ел үкіметі салықты ұлғайтуға шешім қабылдаған болатын.

Португалия халқы үкіметтің бұл қадамына наразылық ретінде жаппай ереуілге шықты. Олар салықтың ұлғайтылуына үзілді-кесілді қарсылық танытып отыр. Ал бұл шара бюджеттің 5 пайыз­дық тапшылығын болдырмау үшін қабылдануы тиіс. Осы ара­лық­та елге қаржылай көмек көрсетуші ұйымдар дағдарыстың қамы­тын киген басқа мемлекеттерді Лиссабоннан үлгі алуға шақырды.

 

Бір күнде 15 жарылыс жасалды

Нигерияның Майдугури қаласында бір күнде кем дегенде 15 жарылысжасалды. Бұл туралы «Ассошейтед пресс» агент­ті­гі хабарлады. Жарылыстарды радикалды исламдық «Боко Харам» сектасы ұй­ым­дастырған. Ал ресми билік қалада­ғы нақты жағдайға түсінік бере қойғанжоқ.

Майдугури – Нигерияның солтүстік-шығыс бөлігінде ор­налас­қан қала. Ол соңғы күндері оқтын-оқтын аталған сектаның шабуылына ұшырады. Әуелде қарулы жасақтар лаңкестік әрекеттер ұйымдастырумен ғана айналысса, бұрнағы жылдан бері қарай елдің полициясымен және армиясымен белсенді қарулы қақты­ғыстарға көшкен болатын. Жыл басынан бері «Боко Харам» жасақтары шамамен 700-дей адам өлтірді деген дерек бар.

 

Үміткерлер алдында шешуші дебат

АҚШ президенттігінен үміткерлер – қа­зіргі демократ президент БаракОбама мен республикашыл Митт Ромни сайлау алдындағы екінші – шешуші дебатқа шығады. Алғаш­қысында сәл ғана ба­сым­дықпен республикашыл кандидат жеңіске жеткен болатын.

Сарапшылар бұл жолы Б.Обама қалайда қарымта қайтаруы тиіс деп есептейді. Өйтпеген күнде оның жағдайы тым қиындай түспек. Ал пікірталас тақырыбы өткен жолғыдай салық, қауіп­сіз­дік мәселелері болады деп күтілуде. Жалпы, алғашқы теле­де­бат­тағы жеңілісіне қарамастан, қазіргі президент сайлау алдындағы науқанда өзінің оппонентінен аздап болса да алда келеді.

 

Табысты өткен зымыран сынағы

Ресейдің әскери-ғарыш қорғанысы әскерлері Қазақстан­дағы Сарышаған полигонында әрекет ету радиусы шағын зымыранды сынақтан табысты өткізді. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігінің ресми өкілі, полковник Алексей Золотухинге сілтеме жасаған Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі хабарлады.

А.Золотухиннің сөзіне қарағанда, сынақ мақсаты Ресейдің зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің тактикалық-техникалық сипаттамаларын нақтылау болған. Бірақ қорғаныс министрлігінің өкілі бұл жерде әңгіме нақты қандай зымыран туралы болып отырғанын түсіндірмеген. Ал өткен жылдың желтоқсанында аталған полигонда 53Т6 зымыраны сынақтан өткізілген болатын.

 

Атын шығарғандарға сыйлық тиесілі

Түркіменстанда өнер қайраткерлері ара­сындағы конкурстың қорытындысы шы­­­ғарылды. «Түркіменстан хроникасы» ба­сы­лымының ақпараттарына қа­ра­ған­да, бай­қау отанды ардақтауға арналыпты. Алай­да, іс жүзіндегі шешуші та­қы­рып пре­зидент Гурбангулы Бер­ды­мұха­ме­довті мақ­­­тап, мадақ­тап, атын шығару болса керек.

Байқауға негізінен көркемөнерпаздар шығармашылық ұжым­да­ры қатысқан. Конкурс жеңімпаздарына АҚШ долларымен ақ­ша­­­­лай сыйлықтар тапсырылған. Г.Бердымұхамедовтің билік басына Тү­р­кі­­менбашы Сапармұрат Ниязов қайтыс болған 2007 жылы кел­­генін айта кетейік. Сол уақыттан бері елде бұрынғы басшы секілді қазір­гі президентті де асыра мадақтауға баса мән беріліп келеді.

 

Өзін кінәсізбін деп көрсетпекші

Серб Республикасының бұрынғы президенті Радован Караджич өзін соғыстың алдын алуға күш-жігер жұмсағаны үшін ынталандыру қажет деген пікір білдірді. Осылайша ол халықаралық трибунал алдында өзінің кінәсіздігін дәлелдемек секілді. «Мені айыптау емес, жасаған жақсы істерім үшін ынталандыру қажет», дейді ол.

Сондай-ақ ол соғыс құрбандары жарияланғаннан 3-4 есе аз екенін көлденең тартады. Және де уақыты келгенде ақиқат салтанат құратынынан да дәмелі. Шындығында, 1992-1995 жылдар аралығындағы Босния соғысындағы қанқұйлы әрекеттері үшін оған адамзатқа қарсы геноцид ұйымдастырды деген айып тағылған болатын. Р.Караджич 2008 жылы тұтқындалып, халықаралық соттың қарауына берілген еді.

Қысқа қайырып айтқанда:

 Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Ресейдегі шылым шегуге қарсы бастамаға арналған бейнероликке түсті. Ол үкімет басшысының блогында жарияланды. Елде шылым шегуден жыл сайын шамамен 400 мың адам көз жұмады екен.

 АҚШ әскери-теңіз күштерінің «Сан-Хасинто» деп аталатын крейсері мен «Монполье» атом сүңгуір қайығы елдің шығыс жа­ға­лау­ларындағы жаттығулар кезінде соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Техникаларға айтарлықтай зиян келген.

 Forbes журналы Ресейдің экс-қорғаныс министрі Павел Гр­а­чевтің соңғы сұхбатын жариялады. Онда экс-министр сол кездегі президент Борис Ельциннің ұсынысымен Коржаков, Козырев төр­теуі бір-біріне адалдық антын қандарымен бергенін мәлімдепті.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.