26 Наурыз, 2019

Нұр-Сұлтан атауын қолдауға 23 000 жетісулық жиналды

825 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда атауының «Нұр-Сұлтан» болып өзгеруін жетісулықтар қуаныа құптап, мерекеледі. Талдықорғандағы «Жастар» саябағында өткен үлкен шараға үн қосуға 23 000 адам жиналды.

Нұр-Сұлтан атауын қолдауға 23 000 жетісулық жиналды

Ізгі тілек пен жалынды ұрандардың соңы мерекелік концертке ұласты. Саябақтағы кештің сәнін жетісулықтарды құттықтауға келген эстрада әншілері кіргізді. Мәдина Сәдуақасова, Төреғали Төреәлі, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов сияқты танымал өнерпаздар және «Алтынай», «Горец» би ансамбльдерінің өнерін жиналғандар жылы қабылдады. Көңілдің кештің соңы түнгі отшашуға ұласты.

Астана қаласының атын «Нұр-«Сұлтан» атауына ауыстырылуын қолдаушылар арасында жастар легі көп екен. Жетісулық жас ұрпақ өкілдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елорда атауын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беру жайлы ұсынысын қолдайтындықтарын айтады.

- Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік алған алғашқы жылдардан бері мемлекеттің дамыған елдер қатарына қосылуы үшін аянбай тер төкті. Халықтың тұрмыстық жағдайы көтеріліп, ел экономикасы өрістеді. Мақтанышымызға айналған Астана қаласы бой көтерді, - дейді жас журналист Мәулен Әнербай.

Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»

Алматы облысы