Аймақтар • 26 Наурыз, 2019

Тәуекел дариясынан өткен тәуелсіз кеменің капитаны - Ғалиасқар Сарыбаев

812 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елбасы Тәуелсіз елдің бұ­қа­р­а­лық санасын өзгертуде, ұлт­­­тық дәстүрлерді қайта жаң­­­ғыр­туда, тарихи сананы қа­лып­­тас­тыруда ерекше істер ат­қарды.

Тәуекел дариясынан өткен тәуелсіз кеменің капитаны - Ғалиасқар Сарыбаев

Түркия елінің Президенті Реджеп Тайип Ердоғанның біздің Елбасына қа­рата «Нұр­сұл­тан Назарбаев – түрік әлемі­нің лидері» деп айтқаны бар ғой. Шы­нында, ұлттық дәс­­түрде тәрбиеленген Ұлт көш­­басшысы – халқының бар қадір-қа­сиетін бойына жи­­наған, тілін, тарихын, мә­дениетін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жетік білетін, ұлтын жан-тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп халқының үмітін, сенімін ақтап келе жат­қан ұлтжанды азамат. 

«Ер мерейі – ел мерейі» де­мек­ші, бас­шы­сының мәр­тебесі биіктеген сайын, елдің абыройы да асқақтай береді. Ел ер­теңін ойлаған кемеңгер Ұлт көш­бас­шысы: «Біз – алыс сапарға бел буып, кеме­мізді тәуекел дариясына түсірген елміз, елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын ке­ме­міздің тұғырына ту етіп байлаған ел­міз», деген болатын.

Бүгінгі Қазақстан – әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәсе­лелерді ше­шуде алдыңғы орындар­да. Бү­гінгі Қазақстан – әлем таны­ған егеменді, демокра­тия­лық және құқықтық мемлекет. Бүгінгі Қазақстан – Орталық Азия­ның барысына айналған қуатты экономикасы, тұрақты саяси тұғыры бар зайырлы мемлекет. 

«Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлем­де егемен Қазақстан бар. Оның көпұлтты, тату, ынтымақты халқы бар. Қуатты эко­но­микасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бас­тысы – бү­гіннен нұрлы, бүгіннен же­міс­ті болашағы бар», деген Елба­сы­мыз­дың сөздері әрбір қазақ­стандықтың кеуде­сіне қуа­ныш пен шаттық әкеліп, жар­қын бо­лашаққа деген сенімін ұялатады! 

Ғалиасқар САРЫБАЕВ, 

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары