26 Наурыз, 2019

Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

813 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте садақ атудан «Құралай» І халықаралық турнирі басталды. Жарысқа шетелдер мен Қазақстан облыстарынан жалпы есебі 100 спортшы қатысуда деп хабарлайды Olympic.kz.

Шымкентте садақ атудан халықаралық турнир өтіп жатыр

Еліміздегі оңтүстігіндегі турнирге Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолиядан спортшылар келді.

Сондай-ақ, Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола және Павлодар облыстарынан құралайды көзге атқан мергендер жиналды.

Турнир жеңімпаздары 30 наурыз күні анықталады.