26 Наурыз, 2019

«Студенттік бастама» волонтерлар қозғалысы құрылады

869 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

23 қаңтар күні Тұңғыш Президент жастармен кездесуі кезінде жастардың ұсыныс, тілектерін тыңдаған еді. Соның нәтижесінде жаңа 5 бастама қосылып отыр. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында айтты.

«Студенттік бастама» волонтерлар қозғалысы құрылады

Министрдің айтуынша, төртінші бастама - «Студенттік бастама» деп аталатын жалпы республикалық волонтерлар қозғалысын және жас волонтерлар базасын құру.

«Осылайша мүмкіндігі шектеулі жандарға, қарттарға, жетімдер мен жалғызбасты, үйсіз-күйсіз адамдарға көмек көрсетуді мақсат еттік.

Қазіргі таңда АҚШ пен Германия тұрғындары және ағылшындардың төрттен бір бөлігі түрлі волонтерлік қызметтермен өз қалаулары бойынша айналысады екен. Көрші Ресейде волонтерлар жылы өткізіліп, ерікті азаматтар саны 14 миллионға дейін артқан», деді ол.

Бесінші бастама ретінде медиа-саланың келешегінен үміт күттіретін жастар өкілдерін тарта отырып, Қазақстан ұлттық брендін алға жылжытуға бағытталған жаңа құралдарды құру жоспарланған.

Қазірдің өзінде біздің спортшыларымыздың, өнер саласының адамдарының жеткен жетістіктері де еліміздің оң имиджін қалыптастыруға түрткі болып отыр, деді министр.

Алғашқы үш бастама туралы осыған дейін жазған едік.