Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытатын жобалар жүзеге асады

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Жастар жылын өткізу жөніндегі 89 тармақ, бес бағыттан тұратын жол картасының жобасын түсіндірді.

Жастардың әлеуметтік белсенділігін дамытатын жобалар жүзеге асады

Министрдің айтуынша, төртінші бағыт - жастардың әлеуметтік белсенділігін дамыту. 

«Бұл бағытты «Жасыл Ел» қозғалысының «Жасыл қала – Жасыл ауыл» ортақ ұлттық жобасының аясында жүзеге асыру қарастырылып отыр. Құрылыс компанияларында студенттік құрылыс отрядтары үшін квота бөлінеді. Жас отбасыларды, денсаулық пен әлеуметтік инклюзивтілікті қолдау туралы бағыт бар. Мұнда аймақтық жастар чемпионаты мен студенттер универсиадаларын өткізу тәжірибесін жаңарту жоспарланған», дейді ведомство басшысы.

Министрдің айтуынша, бесінші бағыттың аясында бірқатар кешенді жобаларды жүзеге асыру қарастырылған. Олардың ішінде түрлі жастар санатын әлеуметтендіруге, суицидтің алдын-алуға, отбасы институтын нығайту және отбасылық құндылықтарды алға жылжыту, дарынды жастарды қолдау және тағы басқа бағыттар бар.

«Жоғарыда мен атап өткен бағыттардың барлығын жүзеге асыру жас отбасылардың әлеуметтік ахуалын арттыруға, адами капиталын өсіруге, бастаған істеріне қанат бітіруге даңғыл жол ашады», деді министр.

Соңғы жаңалықтар