Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

634 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін түнде Қордайлық шекарашылар Қырғыз Республикасынан біздің елге қарай жаяулатып, Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған қырғыз азаматын ұстады. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік шекараны бұзып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

«Сағат 02:30-дар шамасында «Қордай» шекара заставасының аумағында шекара наряды түнде көретін дүрбінің көмегімен көрші елден шекараға қарай келе жатқан бір адамды байқаған. Заставадан шыққан дабыл тобы түн қараңғылығын пайдаланып, Мемлекеттік шекараның қоршауынан өтіп, біздің аумаққа қарай ене берген «шақырылмаған қонақты» қарсы алдынан күтіп алды», делінген хабарламада.

Белгілі болғандай, ешқандай құжаты жоқ адам өзін 28 жастағы Қырғыз Республикасының азаматымын деп таныстырды. Бұл туралы құқық қорғау орындарына хабарланды. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр.