Шарайна
Сейсенбі, 30 қазан 2012 7:11
Айт күндері де оқ атылды
Сирия билігі мен бүлікшілердің өзара келісіміне қарамастан, Құрбан айтмейрамының үшінші күні атыс салдарынан кем дегенде 99 адам мертболған. Бұл жөнінде кеше «Франс-пресс» агенттігі хабарлады.
Сейсенбі, 30 қазан 2012 7:11
Айт күндері де оқ атылды
Сирия билігі мен бүлікшілердің өзара келісіміне қарамастан, Құрбан айтмейрамының үшінші күні атыс салдарынан кем дегенде 99 адам мертболған. Бұл жөнінде кеше «Франс-пресс» агенттігі хабарлады.
Аталған агенттіктің ақпараттарына қарағанда, қаза тапқандардың 35-і үкіметтік армияның әскерилері, 34-і көтерілісшілер, 30-ы бейбіт тұрғындар екен. Қаза болған бейбіт тұрғындардың көпшілігі үкіметтік авиацияның Идлиб провинциясының солтүстік-батысындағы бір елді мекенге әуеден шабуыл жасауы кезінде ажал құшқан-мыс. Жұма мен сенбі күндері қақтығыстар салдарынан 175 адам құрбан болды деген мәліметтер де бар.
Басылымды сотқа бермек
Қытай премьер-министрі Вэнь Цзябао отбасының мүддесін қорғайтынадвокаттар «Нью-Йорк таймс» басылымында премьер-министрдіңтуған-туыстары 2,7 миллиард доллар көлеміндегі дүние-мүлікке иелікететіндігі туралы жарияланған деректерді жоққа шығарды.
Адвокаттар гонконгтік «Sunday Morning Post» газетінде ағылшын тіліне аударылып басылған жарияланымды «америкалық басылымда аталған Вэнь Цзябаоның отбасы мүшелері жинаған құпия байлық атымен жоқ» деп атап көрсеткен. Сондай-ақ олар премьердің бизнеспен айналысатын туыстары заңнама талаптарын бұзбағандығын және олардың қандай да бір компанияның акцияларына иелік етпейтіндерін мәлімдеген. Бұлардан бөлек премьер отбасының өкілдері Вэнь Цзябаоның жеке өзі ешқандай компаниялармен байланыс жасамағанын жазып берген. Премьер-министрдің адвокаттары шындыққа сәйкес келмейтін мақала басқаны үшін «Нью-Йорк таймс» газетін сотқа беретінін де атап өтіпті. Бұл мақала өткен жұма күні жарияланған болатын.
Қысқа қайырып айтқанда:
Ресейдің тергеу комитеті ІІМ көліктегі тергеу басқармасының бұрынғы бастығы, полковник Эдуард Сандрукянға қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Оған 900 мың доллар көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.
Үндістанның сыртқы істер министрі болып 59 жастағы Салман Хуршид тағайындалды. Бұған дейін ол әділет министрі қызметін атқарған.
Бағдадта бірнеше жерде болған террорлық әрекеттер салдарынан 30-дан астам адам құрбан болды. Сондай-ақ мұсылмандық парызын өтеуші ирандықтар мінген автобус та жарылған.
Швейцарияның аса ірі UBS банкі 10 мың жұмыс орнын қысқартатындығы туралы шешім қабылдады. Бұл – банк қызметкерлерінің алтыдан бірін құрайды.
Өмір бойы түрмеде отырады
Қырғызстан соты Ресей азаматы Шамшидин Ниязалиевті өмір бойы түрмеде отыру жазасына кесті. Ақпараттарға қарағанда, ол 2010 жылдың 12-13 маусымында Жалалабад облысында орын алған қанды оқиғаға белсене қатысқан.
Бұл оқиға аталған облыс аумағындағы «Санпа» мақта тазалау зауытының маңайында болған. Олар жолға мазут төгіп, автокөліктерді тоқтатқан. Көліктер ішіндегі адамдарға оқ жаудырған. Соның кесірінен 16 бейбіт тұрғын көз жұмыпты. 2010 жылдың қарашасындағы сотта қанды оқиғаға қатысқан 19 қылмыскердің 17-сі өмір бойы түрмеде отыру жазасына, екеуі 25 жылға кесілген еді. Ал Ниязалиев осы жылдың басында ұсталып, Қырғызстанның құқық қорғау органдарына тапсырылған болатын.
Билік партиясы алда келеді
Украинаның орталық сайлау комиссиясы Жоғарғы рада сайлауында дауыс берудің 40 пайыз хаттамасының алдын ала нәтижесін жария етті.Бұл мәліметтер партиялық тізім бойынша дауыс беруге қатысты.
Орталық сайлау комиссиясының ақпараттарына қарағанда, қазірге биліктегі «Аймақтар партиясы» («Партия регионов») сайлаушылардың 36,49 пайыз дауысына ие болған. Екінші орында 21,08 пайыз дауыс жинаған «Батькивщина» оппозициялық партиясы, үшінші орында 15,26 пайыз дауыспен Украина компартиясы келеді. Парламентке, сондай-ақ кәсіби боксшы Виталий Кличконың УДАР партиясы да өтпек, қазірге бұл партия 12,67 пайыз дауыспен төртінші орында тұр. Атап өтейік, парламентке 5 пайыздық кедергіні бағындырған саяси күштер ғана өтеді.
«Сэнди» дауылының салдары
«Рейтер» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың авиакомпаниялары елдің шығыс жағалауына жақындап қалған «Сэнди» дауылына байланысты 28-29 қазанға жоспарланған 7100-ден астам авиарейсті кейінге қалдыруға мәжбүр болды.
Кейбір мәліметтер кейінге қалдырылатын рейстер саны 8 мыңға жететіндігін алға тартады. Өйткені, Delta Airlines авиакомпаниясы жексенбіде 180 рейсті кейінге қалдырған, ал дүйсенбі күні оның қатары бұдан екі есеге артуы мүмкін. Елдегі өзге де авиатасымалдаушы ірі компаниялар көптеген рейсті кейінге қалдыруда. Жолаушыларға өтемақы төлеуден бас тартқан компаниялар да бар. Осындай жағдай бұл елде өткен жылдың тамызында болған еді. Онда 10 мыңға жуық рейс өз уақытында ұшпаған еді. Нью-Йорктің 400 мың тұрғыны қаланы тастап шығуға мәжбүр болды.
Интернет материалдары негізінде әзірленді.