Аймақтар • 26 Наурыз, 2019

Теннис: Путинцева Плишковадан ұтылды

619 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева АҚШ-тың Майами қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына шыға алмады.

Теннис: Путинцева Плишковадан ұтылды

Жүлде қоры 9 035 428 долларды құраған жарыстың бастапқы үш бәсекесінде Юлия өте жақсы өнер көрсетті. Ол бельгиялық Кристен Флипкенс, швейцариялық Белинда Бенчич және литвалық Анастасия Севастова сынды мықтыларға сан соқтырды. Төртінші айналымда Путинцеваның жолы Каролина Плишковамен қиысты. Кезінде әлемдік рейтингте көш бастап, қазіргі кезде WTA тізімінде жетінші орында тұрған Чехияның атақты теннисшісіне жерлесіміздің әлі жетпеді. Үш сеттік сайыс 2:6, 6:3, 7:5 есебімен аяқталды.

Сондай-ақ, Майамидегі турнирде Қазақстанның тағы екі ойыншысы бақ сынаған болатын. Өкінішке қарай, олардың жолдары болмады. Михаил Кукушкин тұсаукесер кездесуде аргентиналық Гидо Андреоссиге есе жіберсе, Александр Бублик екінші кезеңде австралиялық Ник Кирьостан жеңілді.

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

 «Egemen Qazaqstan»