Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Жайсаңда 1,5 миллионнан астам теңгенің затын елден заңсыз шығармақ болғандар ұсталды

327 реткөрсетілді

«Жайсаң авто» шекаралық бақылау бөлімшесінде 41 жастағы ресейлік ұсталды. Ол «ГАЗ 2834» автокөлігінде Ресейге қарай жалпы салмағы 1000 кг автомобильдердің қосалқы бөлшектерін заңсыз алып өтпек болған екен. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.

«Актіленіп, Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментіне тапсырылған заттардың жалпы құны -   1 600 000 теңгені құрады. Дәл осы бекетте Ресейге бет алған 30 жастағы қазақстандықтан велосипедтерге арналған 300 дөңгелек пен 100 дана жылдамдық ауыстыру механизмдері,  онымен құрдас қазақстандық азаматшадан 1200 кг дақылдар, 1965 жылғы ресейліктен 70 кг өзен шаяндары табылып, МКД қызметкерлеріне тапсырылды», делінген хабарламада.

Осы отрядтың «Әлімбет авто» бөлімшесінде 29 жастағы қазақстандық Ресейге заңсыз әкетіп бара жатқан  8000 дана шаруашылық сыпыртқыларымен ұсталды.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар