31 Қазан, 2012

24 сағат

250 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24 сағат

Сәрсенбі, 31 қазан 2012 7:55

Нью-Йорктің ішінара су бас­қан Квинс ауданында «Сэн­­ди» дауылыныңсалдарынан күшті өрт болды. Кем дегенде 50 ғимарат өртенсе, көпшілігі толықтай жанып кетті. Өңірде мыңдаған авиарейстер тоқта­тылып, Нью-Йоркте метро жабылып қал­ды. 7 миллиондай адам жа­рық­сыз отыр. Қаза тапқан­дар саны, соңғы дерек бойынша, 15 адамға жа­қындады. Та­биғат апатының жалпы шы­ғыны қазірдің өзін­де 20 мил­лиард долларға ба­ғалануда.

 

Сәрсенбі, 31 қазан 2012 7:55

Нью-Йорктің ішінара су бас­қан Квинс ауданында «Сэн­­ди» дауылыныңсалдарынан күшті өрт болды. Кем дегенде 50 ғимарат өртенсе, көпшілігі толықтай жанып кетті. Өңірде мыңдаған авиарейстер тоқта­тылып, Нью-Йоркте метро жабылып қал­ды. 7 миллиондай адам жа­рық­сыз отыр. Қаза тапқан­дар саны, соңғы дерек бойынша, 15 адамға жа­қындады. Та­биғат апатының жалпы шы­ғыны қазірдің өзін­де 20 мил­лиард долларға ба­ғалануда.

Канаданың батыс жаға­лау­ын­да магнитудасы 6,3 баллдық жер сілкінісі болды. Жер сіл­кінісінің эпицентрі Британия Колумбиясы провинциясында тіркелген. Канада билігі әзірше зілзала салдары туралы еш­қан­дай ақпарат таратқан жоқ. Ал жақын уақытта Канаданың шығыс жағалауына «Сэнди» дауылы жетеді деп күтілуде.

Түркия сыртқы істер ми­нистрі Ахмет Дәуітоғлы Ре­сей­дің Сирияның іс басын­да­ғы үкіметімен үнқатысуға келу туралы ұсынысынан үзіл­ді-кесілді бас тартты. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың пікірінше, мұн­дай үнқатысусыз Сирия жан­жалын бейбіт реттеу ба­ғы­тындағы прогреске қол жет­кізу іс жүзінде мүмкін емес.

Сирия бүлікшілері мен үкі­меттік әскерлер арасында Хомс қаласы маңындағы әскери базада кескілескен ұрыстар жүріп жатыр. Қоршаудағы үкімет әс­кер­леріне көмекке авиация тартылды. Бірақ Хомсты қоршап тұрғандар кері шегінер емес. Хомс төңірегімен қатар, ұрыс қи­мылдары Алеппо-Дамаск тасжолы бойында тұрған әл-Нуман қа­ласында да жалғасқан. Үкі­мет әскерлері бүлікшілерді атал­ған елді мекеннен бір айдан бері ығыстырып шығара алмауда.        

Бахрейн басшылығы  кеше елдегі қауіпсіздік ахуалы жақсарғанша және ұлттық бірлік қалпына келтірілген­ше кез келген көпшілік жиналыстар мен митингілер өт­кі­зуге тыйым салды. Ел ішкі істер министрлігінің бұйры­ғы­на сәйкес, аталған ахуал қалыптасқанша іс жүзінде тө­тенше жағдай режімін білді­ретін қатал заңдар енгізілетін болады.

Кешегі мәліметке қарағанда, Украина ОСК-сі Жоғарғы ра­даға  сайлау бюллетеньдерінің 90 пайызын қарап үлгерген. Он­дағы дерек бойынша, алда бұ­рынғысынша билеуші Аймақ­тар партиясы келеді екен. Оның жинаған дауысы 31,51 пайыз. Бірлескен оппозиция 24,5 пайыз дауыс жинапты. Үшінші орын­дағы компартияның көрсеткіші – 13,77 пайыз. Одан сәл ғана қалыс боксшы Виталий Клич­ко­ның УДАР партиясы тұр – 13,52 пайыз.

Грузияның жаңа бас прокуроры Арчил Кбилашвили ел соттары екі аптаға істерді қарауды тоқтататынын мә­лім­деді. Жаңа басшы бұл әре­кетті прокуратурадағы кадр­лар ауысуымен, сондай-ақ ағымдағы істерді қайта қарау қажеттігімен түсіндірді. Оның пікірінше, бұрынғы режімде істі болған кейбір адамдар ақталып шығуы ықтимал. Ал бұл үндеуге судьялардың қалай қарайтыны әзірше беймәлім.

Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде әзірленді.

Соңғы жаңалықтар