Аймақтар • 26 Наурыз, 2019

«Павлодар» арнайы экономикалық аймағына инфрақұрылым жүйесін тартуға 20 млрд теңге қаржы қажет

287 реткөрсетілді

Облыс орталығының  шеткері аумағында орналасқан аймақтың  жалпы көлемі 3300 гектар.

Осы  үлкен көлемнің  2100 гектары Былқылдақ көлінің аумағына тиесілі, ал, 1200 гектары аймақта  кәсіпорындар салып, бизнес үлесін  өркендетуге берілген.

Аймақ басқарма басшылығының мәліметінше, елімізде 12 арнайы экономикалық аймақтың барлығы бірдей заң аясында жұмыс істейді. Мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерде де айырмашылық жоқ. Тек әр аймақтың өз бағыты бар.  Біздің өңірде химия, мұнай-химия және металлургия салаларына басымдық берілді.

Бірақ, бұл бағыт жүзеге аспады ма, қазір аймақта  қоспалы алюминий мен автомобиль дискілерін шығаратын екі зауыт жұмыс жасауда. Бұл күндері 2010 жылы  басталған аймақ аумағының әр шаршы метрін тиімді пайдалану үшін инфрақұрылымдық жүйелер тарту  әлі де жалғасуда.

Тіпті, аймақтың кейбір аумағында инженерлік желілердің болмауы инвесторларға кедергі емес дейді. Жыл сайын республикалық бюджеттен бөлінетін қаржының көлеміне кәріз, жол, тазарту стансасын салынған.

Биыл теміржол жобасының бірінші кезеңіне көшеміз, кәріз жүйесінің қалған екі кезеңі аяқталады. Былтыр аймақ өкілдері Дубайда өткен «World free zones Organization» Халықаралық конференцияға қатысты.

Нәтижесінде 3 мыңнан астам инвесторға тұрақты түрде «Павлодар» АЭА туралы ақпаратты жолдауға мүмкіндік алды. Сондықтан, аймақ ірі инновациялық жобалары бар  инвесторларды күтуде. Үлкен аумақта нарыққа қажет, сұранысы жоғары, индустрияны дамытатын  кәсіпорындар  орналасуы қажет.

Аймақ өкілдігінде инвестиция тарту, инфрақұрылымды жақсарту және маркетинг бойынша  бар-жоғы 17 маман  жұмыс жасайды.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

ПАВЛОДАР

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар