26 Наурыз, 2019

Ақсу энергетиктері 600 млрд кВт-сағат электр энергиясын өндірді

322 реткөрсетілді

Еуразиялық Топ (ERG) құрамындағы «Еуразияттық энергетикалық корпорациясы»» АҚ Ақсу электр стансасы  бұл мерейтойлық қуат көлемін Еуразиялық Топтың 25 жылдығына тарту деп атады.

Стансадағы алғашқы 300 мегаватт қуат көлемін өндірген  №1 энергоблок 1968 жылдың желтоқсанында іске қосылған. Ал, бүгінгі 600 млрд кВтс электр қуаты еліміздің алдағы  алты жыл бойы еркін тұтынуына жеткілікті энергия.

Ақсу электр стансасы Еуразиялық Топтың барлық кәсіпорындарын және басқа да өнеркәсіп кәсіпорындарына қуат беруде. Елімізде өндірілетін электр қуатының 17  пайызын, көмірдің 20 пайызын осы кәсіпорын үлесіне тиесілі. Электр энергиясын өндірудің жылдық қуаты – 16 млрд кВт сағат. Мерейтойлық 600 млрд кВт сағат өндіру көрсеткішіне жеткен энергетиктерді станса директоры Владимир Фенев құттықтады.

В. Феневтің айтуынша, бұл күндері  «ЕЭК» АҚ электр стансасының қажетті қуат қорын жинап, құрал- жабдықтардың сенімділігі мен ұзақ мерзімділігін қолдау, өндірістік сипаттамаларды және экологиялық көрсеткіштерді жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

Сонымен бірге, компания 1973 жылдан бастап пайдаланудағы №5 энергоблокты қайта жаңғырту бойынша  жобаны іске асыруда.

Бұл энергия блогының қуатын 300-ден 325 Вт-қа дейін арттыруға, отын шығынын азайтуға, пайдалану шығындарын қысқартуға, сондай-ақ электр стансасы жұмысының техникалық-экономикалық, экологиялық және сапалық көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік береді.

Алдағы жылдары станса №7 энергоблокты қайта жаңғыртуды бастауды жоспарлап отыр.

Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Павлодар облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар