Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Нидерландтың Девентер қаласында Қазақстанның Құрметті Консулдығы ашылды

284 реткөрсетілді

Нидерланд Корольдігінің Девентер қаласында Қазақстан Республикасының Оверэйссел, Гилдерланд, Флеволанд, Дренте, Фрисланд и Гронинген консулдық аймағының Құрметті консулдығы ашылды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Ашылу салтанаты Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігінің дипломаттары, (2014-2016 жж.) Нидерландтың Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Х.Дриссер, Девентер мэрі Р.Кониг пен ҚР-мен іскерлікке қызығушылығы бар шамамен жиырма голланд компаниясының қатысуымен өтті. Іс-шара барысында Құрметті консулдыққа Қазақстан Республикасының елтаңбасын ресми тапсыру рәсімі өтті.

ҚР Елшілігінің өкілдері кеш қонақтарын аталға маңызды шарамен құттықтап, Құрметті консулдық екіжақты экономикалық байланыстардың одан әрі нығаюына себепші болатынын атап өтті.

Іс-шара қатысушыларына Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Президентінің өкілеттігін атқаруды тоқтату туралы шешімі және 2019 ж. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысы лауазымына кіріскені туралы хабарланды. Өкілеттікті табыстау барысы ҚР Конституциясы мен заңнамаларын қатаң сақтау арқылы жүзеге асырылғаны аталып өтті.

Сонымен қатар, шара аясында ҚР инвестициялық саясатының соңғы бағыттары таныстырылды. Осы орайда елімізде қолайлы инвестициялық жағдайды қолдау – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым бағдары болып қалатыны ерекше аталып өтті.

Қазақстанның Нидерландтағы Құрметті консулы Хенк Эверт Нибур өз кезегіңде атқарылған сенімге ризашылығын білдіріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға атсалысуға әзір екендігін мәлімдеді.

«Еуразиялық перспективалар» орталығының директоры, әдебиеттанушы, зерттеуші (қазақ әдебиеті классигі М.Әуезовтың немересі) Зифа-Алуа Әуезова Наурыз мейрамы туралы презентация жасап, тыңдармандарға өркендеу мен ұрпақтар сабақтастығының символы - көктемгі жаңару кезеңі мерекесінің тарихы мен дәстүрлері туралы әңгімелеп берді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар