Спорт • 26 Наурыз, 2019

Қарағандылық спортшылар екі Әлем кубогын ұтып алды

282 реткөрсетілді

Қарағандылықтар наурызда акробатика және самбо бойынша Әлем кубогын ұтып алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан тарихында алғаш рет Әлем кубогында спорттық акробатика бойынша ерлер жұбы жеңімпаз атанды. Лас-Вегаста өткен халықаралық біріншілікте ересектер санатында Қазақстанның намысын екі қарағандылық спортшылар - Вадим Шуляр мен Даниэль Диль қорғады. Аталмыш жұптың негізгі қарсыластары Германия және Ұлыбритания спортшылары болды. Жалпы сайысқа 18 елден жиналған акробаттар қатысты. 

Айта кету керек, акробаттар тек Әлем кубогының иегерлері ғана атанып қоймай, халықаралық санаттағы спорт шеберлері дәрежесін алды. 

Қазақстан қоржынына екінші кубокті самбошы Ибрагим Бағлан алып келді. Ол жүлдені спортшы халықаралық сайыс – Мәскеуде өткен «Харлампиев Мемориалы» Әлем кубогында ұтып алды. Ибрагим Бағлан 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Турнирге 33 елдің спортшылары қатысты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар