Қазақстан • 26 Наурыз, 2019

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

993 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы жастары өздеріне қамқорлық жасап, шексіз қолдау көрсеткен және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына өлшеусіз еңбек сіңірген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасына алғыс айту үшін ұшақ трапынан күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Алматы қаласына барды

Қаланың барлық жоғары оқу орындарын біріктіретін G-38 студенттік ұйымның екі мыңға жуық студенті Елбасын гүлмен қарсы алды.

Траптан түскен Нұрсұлтан Назарбаев тосын сый көрсетіп, жылы қарсы алғаны үшін жастарға ризашылық білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекетімізді дамыту ісіндегі жас ұрпақтың маңызды рөліне ерекше тоқталды.

– Сіздер – бақытты жансыздар. Себебі Алматы сияқты әсем қалада білім алып, гүлденген әрі бүкіл әлемге танымал елде өмір сүріп жатырсыздар. Қазақстан – біздің Отанымыз. Біздің міндетіміз – тәуелсіздігімізді қорғау. Баршаңызға мықты денсаулық, болашақтарыңызға табыс тілеймін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.